16 ақпан 2026 жыл. Мәскеу.
Қазақстан Республикасының Елшілігінде Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімінің төрағасы Волоколамск митрополиті Антонийдің Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Әскербекұлы Абаевпен кездесуі өтті.
Д.А. Абаев митрополит Антонийге әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің ізгі ниет елшісі төсбелгісін және куәлігін табыс етті. Ізгі ниет елшілері Съездің басшылық органдарының шешімімен беделді діни және қоғамдық қайраткерлер қатарынан тағайындалады. Олардың міндеті — дәстүрлі діндер арасындағы бітімгерлік диалог идеяларын ілгерілетуге және халықаралық деңгейде конфессияаралық өзара түсіністік пен ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу.
Одан кейінгі әңгімелесу барысында СШББ төрағасы Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі басшысына әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары Съезінің ізгі ниет елшісі мәртебесін бергені үшін алғысын білдірді. Тараптар осы беделді халықаралық диалог алаңының қызметін, әлемдегі, Ресей мен Қазақстандағы конфессияаралық қатынастардың жай-күйін талқылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшылығы мен Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округі арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейі атап өтілді. Қатысушылар екі ел халықтары арасындағы ізгі қарым-қатынастарды нығайту жолында сындарлы өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты.
Кездесуге сондай-ақ СШББ конфессияаралық қатынастар жөніндегі хатшысы дін қызметкері Илия Кашицын және Елшіліктің кеңесшісі Д.Б. Курманов қатысты.
Материалдар СШББ ресми порталынан.
Митрополит Александр Алматыда жаңадан ашылған Беларусь Республикасының Бас консулдығын қасиеттеу рәсімін өткізді
Толығырақ
Қасиетті сәрсенбі күні Қазақстан Митрополиттік округ Басшысы Алматы қаласындағы Благовещенский Шіркеуінде Литургияны өткізді
Толығырақ
Оңтүстік астанадағы Иверско-Серафимовский монастырінің игумениясы Қазақстан Митрополиттік округінің жоғары наградасымен марапатталды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр