ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
25.02.2026, 20:00

Астананың Успен кафедралды соборына Орынбор облысының губернаторы Е.А. Солнцев келді

Астананың Успен кафедралды соборына Орынбор облысының губернаторы Е.А. Солнцев келді

24 ақпан 2026 жыл. Астана.

Успен кафедралды соборына және Қасиетті Кирилл мен Мефодий атындағы Қазақстан Митрополиттік округінің әкімшілік және рухани-мәдени орталығына Ресей Федерациясының Орынбор облысының губернаторы Е.А. Солнцев келді.

Еліміздің басты ғибадатханасында Қазақстанға ресми сапармен келген қонақты қарсы алғандар: Астана қаласы приходтарының құрметті  өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), елордалық Серафимовский храмының кілтшісі протоиерей Евгений Корольков, құрметті өкілдің көмекшісі иерей Сергий Дианов және иерей Сергий Пинигин.

Архимандрит Сергий Евгений Александровичке собор бойынша экскурсия өткізіп, ғибадатхананың салынуы мен көркем безендірілуі туралы, қабырғалары мен күмбездерінің Ресейдің Иваново облысындағы Палех қаласының икона суретшілер шеберлерімен салынғаны жайында әңгімеледі. Сонымен қатар XVII ғасыр дәстүрінде Кострома қаласындағы Феодор Стратилат атындағы көркем-өндірістік шеберхананың шеберлері дайындаған оймышталған алтын жалатылған иконостас пен киоттар, Ресей Федерациясының Еңбек сіңірген суретшісі С.Н. Соколов жазған иконалар туралы мәлімет берді.

Астана қаласының құрметті өкілі Успен соборына Православие Шіркеулерінің Басшылары мен иерархтары, дәстүрлі конфессиялар жетекшілері, мемлекет президенттері мен үкімет басшылары сынды көрнекті мемлекеттік, діни және қоғам қайраткерлері келгенін атап өтті.

Собордың қасиетті орындары алдында Орынбор облысының губернаторы шырақ жақты.

Қонақ Қазақстан Православие Шіркеуінің рухани және әкімшілік орталығында да болды. Сергий әке Е.А. Солнцевке Құдай Анасының Астанай-Почаев иконасына арналған үй храмын, шіркеулік жиналыстар залын, жұмыс кабинеттерін, Митрополиттік округ Синодының мәжіліс залын, конференц-залды және жексенбілік мектеп аудиторияларын көрсетті.

Құрметті әке мен губернатордың әңгімесі рухани-мәдени орталықтың камин залында жалғасты.

Кездесу барысында архимандрит Сергий (Карамышев) Евгений Александровичке Қазақстан Митрополиттік округінің өмірі туралы ақпарат беріп, епархиялар, приходтар және дін қызметкерлерінің саны жөнінде статистикалық деректер келтірді, сондай-ақ ағартушылық, мәдени, жастар және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жоспарлары туралы айтты.

Жылы әрі достық жағдайда өткен кездесудің соңында тараптар ізгі тілектерімен және естелік сыйлықтарымен алмасты.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді