ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
07.03.2026, 15:25

Қазақстандағы Митрополиттік округтің Басшысы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е.Б. Көшербаевпен кездесті

Қазақстандағы Митрополиттік округтің Басшысы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Е.Б. Көшербаевпен кездесті

7 наурыз 2026 жыл. Астана. Министрліктер үйінде Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Беделбаевұлы Көшербаевпен кездесуі өтті.

Кездесуге сондай-ақ елорда приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) қатысты.

Архипастырь республиканың сыртқы саяси ведомствосының басшысын құттықтай отырып, ресми кездесу аясында өзара қызығушылық тудыратын бірқатар өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергені үшін алғысын білдірді.

Әмірші иитрополит министрге Қазақстандағы Митрополиттік округтің тынысы туралы айтып, ағартушылық, мәдени, жастар және әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде баяндады. Сонымен қатар 2026 жылы тарихи әрі рухани тұрғыдан маңызды күндерді - Алматы қаласындағы Никольский соборының Православие Шіркеуіне қайтарылғанына 80 жыл толуы және Алматының қасиетті азап шегуші монахтары Серафим мен Феогносттың қасиетті жәдігерлерінің табылғанына 25 жыл толуын атап өтуге байланысты жоспарланған іс-шаралар туралы хабарлады. 

Иерарх сондай-ақ бір күн бұрын өткен Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі А.Г. Балаевамен кездесуден алған әсерімен бөлісіп, сонымен бірге митрополит Ресейдің Қазақстандағы елшісі А.Н. Бородавкинмен, Беларусь Республикасының Алматыдағы Бас консулы Д.В. Мелешкинмен және Ватиканның елшісі архиепископ Джордж Панамтхундилмен болған кездесулері туралы Е.Б. Көшербаевқа ақпарат берді.

Әңгіме барысында Митрополитік округтің Қазақстандағы дипломатиялық корпуспен жемісті өзара іс-қимылы атап өтілді. Сыртқы істер министрі рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға және елдегі конфессияаралық татулықты сақтауға бағытталған шіркеу қызметін жоғары бағалады.

Тараптар сондай-ақ СШББ төрағасы Волоколамск митрополиті Антонийдің Қазақстанның Ресейдегі елшісі Д.А. Абаевпен ақпан айында өткен кездесуін талқылады. Сол кездесу барысында архипастырьға әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің ізгі ниет елшісі белгісі мен куәлігі табыс етілген болатын.

Кездесуге қатысушылар 2003 жылдан бері Қазақстан астанасында тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан бұл форум әлемнің әр түкпірінен келген діни, саяси және қоғам қайраткерлерін біріктіретін бірегей алаңға айналғанын атап өтті. Тараптардың пікірінше, әртүрлі мәдениеттер мен конфессия өкілдері арасындағы диалогты дамытуға бағытталған форум қызметі қоғамның моральдық және рухани құндылықтар негізінде топтасуына қызмет етеді және қазіргі заманның сын-қатерлері мен дағдарыстарына лайықты жауап болып табылады.

Әңгімеде Таяу Шығыста қарқынды дамып жатқан халықаралық қақтығыс мәселесі де қозғалды. Ермек Беделбайұлы Қазақстан тәуелсіздік жылдары бейбітсүйгіш әрі ашық мемлекет ретінде өзін танытқанын атап өтіп, қажет болған жағдайда қақтығысушы тараптарға келіссөздер жүргізу үшін алаң ұсынуға дайын екенін айтты. «Біздің елімізде мұндай тәжірибе бар және ол ақыр соңында оң нәтижеге алып келген», – деді министр.

Тараптар қазіргі таңда қақтығыстар мен қайшылықтар күшейген кезеңде тұрақты, әділетті және демократиялық әлемдік тәртіпті қалыптастыруға бағытталған кез келген бастаманы қолдау Қазақстан алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі екенін атап өтті.

Кездесу барысында жаңа Конституцияны қабылдау мәселесіне қатысты алдағы республикалық референдум да талқыланды.

Сұхбаттасушылар мемлекет органдары мен діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту, конфессияаралық диалогты нығайту, сондай-ақ елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтау маңызды екенін растады.

Достық әрі ашық жағдайда өткен кездесудің соңында тараптар бір-біріне игі бастамалар мен істерде табыс тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді