ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
13.04.2026, 13:00

Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалды митрополит Александрды және мегаполис тұрғындарын Христостың Пасха мейрамымен құттықтады

Алматы қаласының әкімі Д.А. Сатыбалды митрополит Александрды және мегаполис тұрғындарын Христостың Пасха мейрамымен құттықтады

12 сәуір 2026 жыл. Астана және Қазақстан митрополиті Александрды және мегаполис тұрғындарын Христостың Пасха мейрамымен Алматы қаласының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды құттықтады:

Құрметті Астана және Қазақстан митрополиті Александр!

Жарқын Пасха мерекесімен шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз!

Бұл ұлы мейрам адамдардың жүрегін қуаныш пен үмітке бөлеп, әр шаңыраққа тыныштық, амандық және рухани жаңару әкеледі, туған жердің игілігі үшін ізгі істер мен жасампаз еңбекке шабыттандырады.

Алматы тұрғындары барлық діни дәстүрлерге құрметпен қарайды, бұл – қоғамымызға тән өзара түсіністік, келісім мен төзімділіктің жарқын айғағы.

Қазақстанда түрлі конфессиялардың еркін дамуына барлық қажетті жағдайлар жасалған, олардың әрқайсысы рухани құндылықтар мен қоғамдық келісімді нығайтуға елеулі үлес қосып келеді.

Қазақстанның Православие Шіркеуі азаматтарды рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады, бірлікті нығайтуға ықпал етеді және қоғамды дамыту мен топтастыруға бағытталған бастамаларды қолдайды.

Құрметті митрополит Александр, Сізге зор денсаулық, сарқылмас қуат және Қазақстан халқының игілігі жолындағы игі қызметіңізде толағай табыс тілеймін.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді