15 сәуір 2026 жыл. Алматы. Вознесенский кафедралды соборына Беларусь Республикасы Сыртқы істер министрі М.В. Рыженков бастаған Беларусь Республикасы үкіметінің делегациясы келді.
Оңтүстік астанаға ресми сапармен келген қонақтарды Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен собордың кілтшісі, Митрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі протоиерей Александр Суворов қарсы алды.
Протоиерей Александр Максим Владимировичке Вознесенский соборының салыну тарихы туралы айтып, биыл храмның заңды иесі – Православие Шіркеуіне қайтарылғанына 30 жыл толатынын атап өтті. Кілтші әкей келген қонаққа талантты сәулетші-инженер А.П. Зенковтың жобасымен салынған соборды тұрғызу кезінде сол дәуір үшін жаңашыл технологиялар мен сейсмотұрақтылық қағидаттары қолданылғанын, соның арқасында собор 1911 жылғы Верный қаласындағы ғимараттардың басым бөлігін қиратқан алапат жер сілкінісіне төтеп бергенін дәлелдейтін құжаттарды көрсетті.
Экскурсия барысында Беларусь министрі храмды ауқымды кәсіби қалпына келтіру жұмыстарымен толықтай танысты. Бұл жұмыстар Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың бастамасы және батасымен 2017–2020 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің және ЮНЕСКО-ның бақылауымен, сондай-ақ Қазақстаннан және Ресей, Сербия, Италия, Германия мен Франциядан келген жоғары деңгейлі мамандар мен ғалымдардың қатысуымен жүргізілді.
Әкей Александр өз әңгімесінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың соборға келген кезде, Митрополиттік округ басшысымен кездесуі барысында, бұл ауқымды реставрациялық жобаны жоғары бағалап, оны «Қазақстанның бүкілхалықтық қасиетті орнының екінші рет дүниеге келуі» деп атағанын айтты.
М.В. Рыженков храмның сыртқы келбетінің әсемдігі мен айбындылығын, сондай-ақ интерьерінің сұлулығын атап өтті. Қатарында Қасиетті Патриарх Кириллдің сыйы – Иса Мәсіхтің Қолмен жасалмаған бейнесі иконасы және митрополит Александрдың сыйы – Аса Қасиетті Құдай Анасының Феодоровский–Алматы иконасы бар, ол Аспан Патшайымының керемет жасаушы иконасының дәлме-дәл көшірмесі болып табылатын храмның қасиетті жәдігерлерінің алдында министр шырақ жақты.
Вознесенский соборына сапарын еске алу үшін қонақтарға митрополит Александрдың атынан храм тарихы туралы басылымдар сыйға тартылды.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр