2026 жылғы 18 мамырда Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы,
Астана және Қазақстан митрополиті Александрды туған күнімен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі А.Г. Балаева құттықтады.
Құттықтау хатында былай делінген:
Жоғары мәртебелі!
Туған күніңізге орай шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз!
Сіз көптеген жылдар бойы бейбітшілік, ізгілік пен өзара құрмет құндылықтарын дәріптеп, жоғары рухани қызметті абыроймен атқарып келесіз. Сіздің қызметіңіз, даналығыңыз және адамдарға деген жанашыр көзқарасыңыз тек православие сенушілерінің ғана емес, бүкіл қоғамның терең құрметі мен мойындауына ие болды.
Қазақстандағы конфессияаралық келісімді нығайтуға және өзара түсіністік ахуалын сақтауға қосқан үлесіңіз ерекше құрметке лайық. Сіздің қызметіңіздің арқасында Қазақстан Православие Шіркеуі руханияттың, мейірімділік пен ағартушылықтың маңызды тірегі болып қала беруде.
Қоғамдық келісімді қолдауға, дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды сақтауға және рухани диалогты дамытуға бағытталған көпжылдық қызметіңіздің еліміздегі бірлік пен бейбітшілікті нығайтудағы маңызы айрықша.
Сізге зор денсаулық, амандық, тыныштық және Қазақстан халқының игілігі жолындағы жоғары қызметіңізге толағай табыстар тілеймін.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр