ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
12.06.2026, 10:00

Орал және Атырау епископы Вианордың Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының жаңадан тағайындалған басшысымен кездесуі өтті

Орал және Атырау епископы Вианордың Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының жаңадан тағайындалған басшысымен кездесуі өтті

5 маусым 2026 жыл. Орал. Қалалық әкімдік ғимаратында Орал және Атырау епархиясының басқарушысы епископ Вианордың Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының жаңадан тағайындалған басшысы Аслан Нұрланұлы Тапишевпен кездесуі өтті.

Кездесуге сондай-ақ Орал округінің құрметті өкілі, Преображенск храмының басшысы және Орал епархиясының хатшысы протоиерей Владимир Гарасим мен епархияның ақпарат бөлімінің жетекшісі игумен Дорофей (Дильманаев) қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде епископ Вианор басқарма басшысын жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, қоғам игілігі жолындағы еңбегіне берекелі табыс тіледі.

Әңгіме барысында тараптар өңірдегі қазіргі діни ахуалға және Орал епархиясы мен мемлекеттік билік органдары арасындағы өзара іс-қимылдың келешегіне қатысты көптеген мәселелерді талқылады. Архипастырь Қазақстан Православие Шіркеуінің конфессияаралық келісімді нығайтуға қосып отырған маңызды үлесін, сондай-ақ оның дәстүрлі діндердің өкілдерімен қалыптасқан ізгі әрі өзара құрметке негізделген қарым-қатынастарын ерекше атап өтті.

Кездесу соңында епископ Вианор мен А.Н. Тапишев бір-біріне зор денсаулық пен еңбектеріне табыс тілеп, иерарх басқарма басшысына естелік сыйлық ретінде қазақ тіліндегі Қасиетті Інжілді тарту етті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді