ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
13.06.2026, 10:00

Алматы епархиясының өкілдері Ресей күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты

Алматы епархиясының өкілдері Ресей күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты

11 маусым 2026 жыл. Алматы. Ресей күні қарсаңында Алматы қаласында мерекеге арналған салтанатты қабылдау өтті. Іс-шараны Оңтүстік астанадағы Ресей Федерациясының Бас консулдығы ұйымдастырды.

Қабылдауға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың басшылары, дипломатиялық миссиялардың жетекшілері мен мүшелері, сондай-ақ қаланың ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.

Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен және Ресей Федерациясының Оңтүстік астанадағы Бас консулы Д.А. Тураевтың шақыруымен салтанатты қабылдауға Қазақстан Православие Шіркеуінің іс басқарушысы Қаскелең епископы Геннадий, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан Митрополиттік округінің мәдениет бөлімінің жетекшісі Л.Е. Горичева және Орталық жексенбілік мектептің директоры Г.В. Черепанова қатысты.

Кештің басында Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұрандары орындалды.

Одан кейін қонақтарға Ресейдің Бас консулы Д.А. Тураев құттықтау сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында Ресей мен Қазақстан арасындағы достықтың, тату көршілік пен стратегиялық әріптестіктің ерекше маңызын атап өтті. Дмитрий Александрович екіжақты ынтымақтастықтың нәтижелері, сауда-экономикалық байланыстардың дамуы және өзара инвестициялар туралы баяндады. Сондай-ақ екі ел арасындағы қарым-қатынастар экономикамен ғана шектелмей, білім беру, ғылым, мәдениет, ортақ тарихи жадыны сақтау және гуманитарлық ынтымақтастық салаларын да қамтитыны атап өтілді.

Жиналған қауым алдында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Ж. Абдрашов сөз сөйледі.

Митрополиттік округ басшысы мен Қазақстан Православие Шіркеуінің атынан жиналғандарды Ресей Федерациясының күнімен епископ Геннадий құттықтады.

Іс-шара барысында Ресейдің Бас консулы Д.А. Тураев Қаскелең епископы Геннадийге және Галина Васильевна Черепановаға алғыс хаттар табыс етті.

Ресми бөлім аяқталғаннан кейін салтанатты кешке қатысушыларға белгілі қазақстандық өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді