13 шілде 2026 жыл. Мәскеу, Кремль. Ресей Федерациясының Президенті Владимир Владимирович Путин Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиялық округінің Басшысы, Орыс Православие Шіркеуі Қасиетті Синодының тұрақты мүшесі, Астана және Қазақстан митрополиті Александрды II дәрежелі «Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапаттады.
Президенттің 2026 жылғы 13 шілдедегі №488 Жарлығында архипастырьдің жоғары мемлекеттік наградаға «рухани-адамгершілік дәстүрлерді сақтауға және дамытуға қосқан үлесі, сондай-ақ көпжылдық қайырымдылық және қоғамдық қызметі үшін» лайық деп танылғаны атап өтілген.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр