ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
31.07.2026, 16:30

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі А.Г. Балаева митрополит Александрды Ресей Федерациясының мемлекеттік наградасымен марапатталуына байланысты құттықтады

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі А.Г. Балаева митрополит Александрды Ресей Федерациясының мемлекеттік наградасымен марапатталуына байланысты құттықтады

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрға

Аса құрметті Жоғары Мәртебелі!

Сізді Ресей Федерациясының ІІ дәрежелі «Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін» орденімен марапатталуыңызға байланысты шын жүректен құттықтауымды қабыл алыңыз.

Бұл жоғары мемлекеттік награда – Сіздің көпжылдық архипастырлық қызметіңіздің, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға, конфессияаралық диалогты дамытуға және халықтарды біріктіретін дәстүрлі құндылықтарды сақтауға қосқан қомақты үлесіңіздің лайықты бағалануы.

Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Николаевич Чернышенконың орденді табыстау рәсімі Сіздің қоғамдағы жоғары беделіңіздің және Православие Шіркеуі алдындағы айрықша еңбегіңіздің кеңінен мойындалғанының тағы бір айқын дәлелі болды.

Сіз – өміріңізді өзара түсіністік, бірлік пен тату көршілік қағидаттарын нығайтуға арнаған көреген рухани тәлімгерсіз. Сіздің қызметіңіз конфессияаралық келісімді сақтауға, өзара құрмет пен сенім мәдениетін дамытуға әрдайым ықпал етіп келеді. Бұл құндылықтар Қазақстан қоғамының тұрақтылығы мен бірлігінің берік негізі болып табылады.

Аса құрметті Жоғары мәртебелі, Сізге зор денсаулық, сарқылмас рухани қуат және игі қызметіңізге толағай табыс тілеймін!

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді