22 тамыз 2026 жыл. Астана. Астана қаласындағы Успен кафедралды соборына Ресей Федерациясы ОСК төрағасы Э.А. Памфилова келді.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Қазақстан астанасына ресми сапармен келген мәртебелі мейманды еліміздің басты храмында қарсы алғандар: Астана қаласындағы Успен кафедралды соборының кілтшісі протоиерей Евгений Корольков пен иерей Сергий Пинигин.
Дін қызметкерлері Элла Александровна үшін храм бойынша экскурсия өткізіп, оның салынуы мен көркем безендірілуі туралы әңгімеледі. Атап айтқанда, Ресейдің Иванов облысындағы Палех қаласының шебер-изографтары орындаған қабырғалар мен күмбездердің көркем жазбалары, XVII ғасыр дәстүрінде Ресейдің Кострома қаласындағы Феодор Стратилат атындағы көркем-өндірістік шеберхананың ағаш оюшылары жасаған оймышталған, алтын жалатылған иконостас пен киоттар және Ресей Федерациясының еңбек сіңірген суретшісі С.Н. Соколов салған иконалар туралы баяндады.
Республиканың басты храмының кілтшісі Успен соборына Православие Шіркеулерінің Басшылары мен иерархтары, дәстүрлі конфессиялардың көшбасшылары, мемлекет басшылары мен үкімет жетекшілерін қоса алғанда, көрнекті мемлекеттік, діни және қоғам қайраткерлері келгенін атап өтті.
Протоиерей Евгений Корольков Элла Александровнаға Успен соборының салыну тарихы туралы айтып, оны тұрғызу мен көркем безендіру жұмыстарына Қазақстанның, Ресейдің және ТМД елдерінің үздік шеберлері қатысқанын жеткізді.
Мәртебелі мейман Ең Қасиетті Құдвй Анасының екі қадірлі бейнесі: Кострома қаласында сақталған ежелгі ғажайып бейненің дәл өлшемімен жасалған Феодоровская Құдай Ана иконасына және Қазақстан жеріне Көктегі Әмірші Иенің қамқорлығын бейнелейтін Астана-Почаевская Құдай Ана иконасына тағзым етті. Собордың қасиетті жәдігерлері алдында Ресей Федерациясы ОСК төрағасы дұға жасап, шырақ жақты.
Кездесу барысында дін қызметкерлері Элла Александровнаға Қазақстан Митрополиттік округінің өмірі туралы әңгімелеп, епархиялар, приходтар мен дін қызметкерлерінің санына қатысты статистикалық мәліметтер келтірді. Сондай-ақ ағартушылық, мәдени, жастар және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру жөніндегі шіркеу басшылығының жоспарлары туралы хабардар етті.
Жылы жағдайда өткен кездесудің соңында Ресей Федерациясы ОСК төрағасы дін қызметкерлерінен мегаполистің басты храмына келіп, оның қасиетті жәдігерлері алдында дұға ету мүмкіндігін жасағаны үшін Астана және Қазақстан митрополиті Александрға өзінің алғыс сөзін жеткізуді өтінді.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр