ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
26.08.2026, 18:00

Қасиетті Патриарх Кириллдің Қазақстан Республикасы Президентін Қазақстан Республикасы Парламенті – Құрылтай сайлауындағы «Әділет» партиясының жеңісімен құттықтауы

Қасиетті Патриарх Кириллдің Қазақстан Республикасы Президентін Қазақстан Республикасы Парламенті – Құрылтай сайлауындағы «Әділет» партиясының жеңісімен құттықтауы

Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл Қазақстан Республикасы Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевты Қазақстан Республикасы Парламенті – Құрылтай сайлауындағы «Әділет» партиясының жеңісімен құттықтады.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырзаға

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Сіз жүзеге асырып жатқан реформалардың берік тірегі болып табылатын «Әділет» партиясының Қазақстан Республикасы Парламенті — Құрылтай сайлауындағы жеңісімен шын жүректен құттықтаймын.

Бұл сайлаудағы айқын жеңіс халықтың Сіздің басшылығыңызбен жүзеге асырылып жатқан, елдің өркендеуіне жағдай жасауға, экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге және дәстүрлі құндылықтарды сақтауға бағытталған саясатқа деген сенімін білдіреді. Қазақстанның қарқынды дамуы, ұлттық бірліктің және қоғамдық келісімнің нығаюы көп жағдайда билеуші партия депутаттарының қызметінің тиімділігіне байланысты.

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары мен Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округі арасындағы игі ынтымақтастықтың алдағы уақытта да жалғасатынына үміт арта отырып, Сізге және әріптестеріңізге ел игілігі жолындағы еңбектеріңізде күш-қуат пен игі жетістіктер тілеймін.

Құрметпен,

+ КИРИЛЛ,

МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РУСЬ ПАТРИАРХЫ

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді