ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
01.09.2026, 13:50

Митрополит Александрдың А.Ғ. Балаеваны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтауы

Митрополит Александрдың А.Ғ. Балаеваны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтауы

31 тамыз 2026 жыл. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр Аида Ғалымқызын Балаеваны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалуымен құттықтады.

Құттықтау хатында былай делінген:

Құрметті Аида Ғалымқызы!

Сізді Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болып жоғары әрі жауапты қызметке тағайындалуыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік қызметтегі көп жылғы тәжірибеңіз, жоғары кәсіби біліктілігіңіз және ел көлеміндегі маңызды міндеттерді терең түсінуіңіз Сізге зор бедел әкелді. Стратегиялық маңызы айрықша бағытқа басшылық етуіңіз – ел басшылығының Сізге білдірген жоғары сенімінің және халық тарапынан көрсетілген қолдаудың айқын белгісі.

Қауіпсіздік Кеңесінің алдында тұрған міндеттер айрықша көрегендікті, стратегиялық ойлау қабілетін және шешім қабылдауда табандылықты талап етеді. Сіздің ұйымдастырушылық қабілетіңіз, мол тәжірибеңіз бен өз ісіңізге деген адалдығыңыз еліміздің егемендігін, ұлттық қауіпсіздігін нығайтуға, сондай-ақ қоғамдағы бейбітшілік, тұрақтылық пен этносаралық келісімді сақтауға бағытталған ауқымды міндеттерді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне сенімдімін.

Құрметті Аида Ғалымқызы, Сізге зор денсаулық, күш-қуат және Қазақстанның игілігі жолындағы жауапты қызметіңізде мол табыс тілеймін!

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді