Шымкент қаласындағы мемориалдық храм-ескерткіштің ашылу салтанатына қатысушыларына
Құрметті Қазақстанның православ дінін ұстанушы азаматтары!
Мемориалдық храмның ашылуына орай еліміздің православ қауымына Астана және Қазақстан митрополиті Александр арқылы ізгі сәлемімді жолдаймын.
Бұл оқиғаның тарихи әрі тағылымдық мәні зор. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарында қасіретті Лисья балкасында түрлі этнос пен дін өкілдері, соның ішінде еліміздегі екі негізгі конфессия – ислам мен православие дінін ұстанушылар жаппай атылып, жасырын жерленген.
Сондықтан осындай қасіретті жерде храмның бой көтеруі – тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және жазықсыз жапа шеккендердің барлығына құрмет көрсету белгісі. Жақын арада бұл жерде мешіт те салынады. Шіркеу мен мешіт біртұтас мемориалдық кешен құрып, Конституциямызда бекітілген бірлік пен ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық келісім қағидаттарының символына айналады.
Тарихтың осынау қасіретті сабақтарын есте сақтау және мұндай трагедиялардың қайталануына жол бермеу – біздің моральдық парызымыз. Шымкенттегі жаңа мемориалдық кешен құлшылық етіп, марқұмдарды еске алатын орын ғана емес, сондай-ақ жастар әлемнің құрылымы туралы пайдалы білім ала алатын ағарту және тәрбие орталығына айналады.
Православие Шіркеуі бұдан әрі де қоғамымызда өзара сенім мен келісім секілді жасампаз құндылықтарды нығайтуға елеулі үлес қоса беретініне күмән жоқ.
Сіздерге зор денсаулық, бақыт және бақ-береке тілеймін!
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаевтың Лисья балкасындағы Шымкенттің жаңа шейіттері мен діндарлары храмының қасиеттілеу рәсіміне орай құттықтауы
Толығырақ
Павлодар епархиясында Тримифунт әулиесі Спиридонның қасиетті жәдігерлерінің сапары аяқталды. Қасиетті жәдігерге 12 мыңнан астам адам тағзым етті.
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр