Жоғары мәртебелі Астана және Қазақстан митрополиті Александр!
Қазақстан Православ Шіркеуі үшін және ортақ тарихымыздың тарихи жады мен рухани мұрасын қадір тұтатын барша адам үшін бүгінгі күннің маңызы ерекше.
Бүгін Шымкент қаласында ХХ ғасырдың қайғылы тарихының бір бөлігіне айналған, тағдырлары ұрпақ жадында сақталған, сенімі, табандылығы мен ерлігі кейінгі буындарға өнеге болған Шымкенттік жаңа шейіттерге арналған жаңа храмның қасиетті етілу рәсімі өтуде.
Сол жылдары Қазақстан жері Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен жер аударылған көптеген адамдар үшін айдау мен азап мекеніне айналды. Олардың көпшілігі осы жерде соңғы тұрақтарын тапты. Лисья балка – жазықсыз жапа шеккендер мен қаза тапқандардың рухына қатысты тарихи жадты сақтап тұрған осындай орындардың бірі.
Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл Қасиетті Тақсырлығының Қазақстанның жаңа шейіттері мен тәубешілерінің рухын ұлықтау жөніндегі бастамасының Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев тарапынан қолдау тауып, мақұлдануының маңызы зор. Лисья балкасында мемориалдық кешеннің құрылуы – қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбандарының барлығын еске алуға деген құрметтің айғағы.
Мұнда Қазақстандағы ең ірі екі конфессиясы – Ислам мен Христиандықтың рухани дәстүрлерінің көрініс табуының да символдық мәні ерекше. Православ және мұсылман мемориалдарының бой көтеруі терең мағынаны білдіреді: өткеннің қайғылы беттерін еске алу адамдарды дініне, ұлтына және шыққан тегіне қарамастан біріктіреді.
Беларусь Республикасының Елшілігі атынан Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысына, архипастырьларға және бүкіл дін қызметкерлеріне тарихи жадты сақтау, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіне үлес қосу және мәдени мұраға ұқыпты қарау бағытындағы ауқымды еңбектері үшін шынайы ризашылығымды білдіргім келеді.
Беларусь үшін де бұл тақырыптың маңызы ерекше. Беларусь халқы да Қазақстан және Ресей халықтары секілді ХХ ғасырдың ауыр сынақтарынан өтті. Сондықтан жазықсыз жапа шеккендерді есте сақтау – өткенге көрсетілген құрмет қана емес, болашақ ұрпақ алдындағы адамгершілік парызымыз.
Бүгінде Православ Шіркеуі қоғам өмірінде маңызды жасампаздық рөл атқарып, дәстүрлі рухани және адамгершілік құндылықтарды, өзара құрмет пен келісімді орнықтыруға үлес қосып келеді.
Жаңа храм тек дұға ететін орын ғана емес, маңызды рухани әрі мемориалдық орталыққа айналатынына сенімдімін. Мұнда бүгінгі және келешек ұрпақ тарихпен танысып, ата-бабалар рухына тағзым етіп, бейбітшілік, келісім мен адам өмірінің қадірі туралы ой түйе алады.
Осы айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтап, Қазақстан Митрополиттік округіне игі қызмет жолында алдағы уақытта да толағай табыстар тілеймін.
Сізге, Жоғары мәртебелі Александр мырза, бейбітшілік, ізгілік пен бақ-береке, ал бауырлас Қазақстан халқына одан әрі өркендеу мен татулық тілеймін.
Құрметпен,
Алексей Богданов
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр