2024 жылғы 30 шілде. Өскемен. Облыстық әкімдікте Өскемен және Семей архиепископы Амфилохийдің Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е.Б. Көшербаевпен кездесуі өтті.
Кездесуге қатысқандар: Өскемен епархиясының хатшысы, диакон Илья Кван; әкімдік тарапынан – Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.Ә. Сақтағанов, облыстық дін істері басқармасының басшысы Ж.Ж. Мекеева, Өскемен қаласы әкімінің орынбасары И.Ф. Смит.
Сәлемдескен соң архиепископ Амфилохий аймақ басшысына қасиетті шейіт Александр Дагаев атындағы тарихи-шіркеу мұражайы мен Рудный Алтай астанасында орталық жексенбілік мектеп құрылысының жоспарлары туралы хабардар етті.
Екі жақ епархия мен Өскемен «Халифа Алтай» орталық мешітітің білім беру және қайырымдылық саласындағы бірлескен жобаларын талқылады.
Сөйлесуші тараптар өскелең ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде бірлесе жұмыс істеу және осы мақсатта ислам мен православие өкілдерінің күш-жігерін біріктіру қажеттігін ерекше атап өтті.
Кездесу барысында екі тарапты да қызықтыратын кең ауқымды мәселелер талқыланды.
Архиепископ Амфилохий Ермек Беделбайұлына Қасиетті Жазбаның мемлекеттік тілге аударылған көшірмесін сыйға тартты.
Кездесу соңында бір-біріне ізгі тілектерін білдіріп, Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігі мен Өскемен епархиясы Рудный Алтай тұрғындарының игілігі үшін өзара достық қарым-қатынасты жалғастыра беретініне сенім білдірді.
Өскемен және Семей епархиясының сайтындағы материалдар жинағынан
Қазақстан православиелік дәрігерлер Қоғамының төрағасы протоиерей Анатолий Измеров имунитеттеу мәселелері бойынша Республикалық техникалық кеңесіне қатысты
Толығырақ«Православиелік интернет-карусель» халықаралық жастар викторинасының жаңа маусымына дайындық басталды
ТолығырақҚұдайдың Архистратиг Михаил қорының басшысы Е.И. Мильская Қазақстан Митрополиттік округінің жоғары наградасымен марапатталды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр