ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу және мемлекет
08.08.2024, 13:00

Митрополит Александр Минскідегі Киелі Рух кафедралы шіркеуінде болып, Қазақстанның Беларусьтегі Елшісімен кездесті.

Митрополит Александр Минскідегі Киелі Рух кафедралы шіркеуінде болып, Қазақстанның Беларусьтегі Елшісімен кездесті.

7 тамыз 2024 жыл. Минск. Минск және Заславский митрополиті Вениамин, Бүкіл Беларусь Патриархы экзархасы шақыруымен Беларусь еліне қажылық сапарымен келген Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Елшісі Жақсылықов Тимур Мекешұлының қатысуымен Киелі Рух кафедралы шіркеуіне барды. Митрополит Вениаминнің жетекшілігімен қонақтар шіркеудің тарихымен танысты, сонымен қатар шіркеуде сақталған қасиеттілерге тағзым ету мүмкіндігіне ие болды.

Қасиетті Құдай Анасының таңғажайып Минсктік иконасы алдында Митрополит округінің басшысы архипастарларға, пасторларға, монастырларға және Қазақстан православие шіркеуінің діндарларына, Қазақстан жерінің тыныштығы мен гүлденуіне, Президентіне, республиканың билік органдарына, әскерлері мен халқына арнап ерекше дұға жасады.

Келесі кезекте Патриархалды экзархтың демалыс үйлерінде иерархтар қазақстандық дипломатиялық өкілдіктің басшысымен әңгіме құрды.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан-Беларусь қарым-қатынастарының даму динамикасына оң баға беріп, әртүрлі бірлескен мемлекеттік және қоғамдық іс-шаралардың жоғары қарқындылығын атап өтті.

Дәстүрлі діндердің қазіргі қоғам өміріндегі маңызына қатысты кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасу болды.

Митрополит Александр бүгінде көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстанда Президент Қ-Ж.К.Тоқаевтың айтуынша, азаматтық тұрақтылық пен бейбітшілік сақталады, ал Митрополит округінің қауымы, дін қызметкерлері мен діндарлары мемлекеттік органдардың моральдық құндылықтарды сақтауға және деструктивті жалған діни ағымдардан келетін экстремистік және террористік қауіп-қатерді еңсеруге бағытталған бастамаларын қолдайтынын атап өтті.

Кездесу соңында қатысушылар бір-біріне денсаулық, еңбекте табыс тіледі.

Кездесу жылы атмосферада өтті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді