28 қазан 2025 жыл. Алматы. Митрополит Иосифа (Чернов) атындағы рухани-мәдени және әкімшілік орталығының тақ бөлмесінде Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың «Eleos-Meirim»қоғамдық қорының президенті В.М. Капсамунмен кездесуі өтті.
Кездесуге қатысқандар: Қазақстан Православие Шіркеуінің хатшысы, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстан Митрополиттік округі хорының регенті, Орыс шіркеуінің ән өнерін дамыту жөніндегі Патриархалдық кеңестің мүшесі О.Н. Овчинников; Алматы православиелік рухани семинариясының ректоры, Митрополиттік округтің ақпараттық-баспа бөлімінің басшвсы, теология ғылымдарының кандидаты протоиерей Евгений Иванов; Алматы епархиялық басқармасының және «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының қызметкерлері.
Кездесу барысында митрополит Иосиф (Чернов) атындағы рухани-мәдени орталығына «Eleos-Meirim» қоғамдық қорының президенті мәдени-танымдық іс-шаралар мен онлайн-конференцияларды өткізуге арналған Smart теледидарды сыйға тартты.
Митрополиттік округ Басшысы Валерий Михайловичке бағалы сыйлығы үшін алғысын білдірді, содан кейін ол жиналғандармен епархиялық әлеуметтік-қайырымдылық жобаларын қолдау шаралары мен Қазақстандағы православиелік жексенбілік мектептердің қызметін талқылау үшін жиналыс өткізді.
Іс-шара соңында топтық суретке түсті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр