ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Әлеуметтік қызмет
27.03.2026, 12:00

Митрополит Александр «Спартак» футбол клубы академиясының тәрбиеленушілерімен кездесті

Митрополит Александр «Спартак» футбол клубы академиясының тәрбиеленушілерімен кездесті

26 наурыз 2026 жыл. Алматы.

Мәскеудегі «Спартак» футбол клубы академиясының тәрбиеленушілері Иверско-Серафимовский әйелдер монастырінің София соборында болды.

2013 жылы туған жас футболшылар жаттықтырушы А.Д. Ходыкиннің жетекшілігімен Қазақстанның мемлекеттік мерекесі – Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған «Nauryz Cup» халықаралық турниріне қатысу үшін Оңтүстік астанаға келді.

Қонақтарды Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборының клиригі, протоиерей Александр Иевлев алып жүрді. Александр әке храмның тарихы мен монастырьдің қасиетті орындары туралы баяндады.

Соборда Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың жас спортшылармен кездесуі өтті.

Архипастырь жиналғандарға батасын беріп, Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан рухани-ағартушылық және жастар жобалары туралы айтып өтті. Сондай-ақ, Митрополиттік округтің жексенбілік мектептері тәрбиеленушілерінің Санкт-Петербург қаласында өткен қасиетті ұлы кнәз Александр Невский атындағы халықаралық спорттық ойындарға және «Сенім және спорт» халықаралық форумына қатысқанын атап өтті.

Митрополиттік округ Басшысы спорттың жас ұрпақ үшін дене дамуы мен физикалық күш-қуатты жетілдіруде маңызды екенін атап өтіп, сонымен қатар спорттық жетістіктердің берік рухани-адамгершілік құндылықтармен ұштасуы қажеттігін айтты.

«Өз бойларыңда жанның ең жақсы қасиеттерін тәрбиелеңдер, сонда Жаратқан Ие өмір жолдарыңда әрдайым жәрдем береді», – деді әмірші.

Иерарх жасөспірім кезіндегі спортқа деген қызығушылығы туралы естеліктерімен бөлісіп, сондай-ақ Орыс Православие Шіркеуінің Жастар ісі жөніндегі Синодтық бөлімі тарапынан бірнеше жыл бойы ұйымдастырылып келген «Алтын шайба» жас хоккейшілер жарысы туралы айтты.

А.Д. Ходыкин әміршіге жылы қабылдауы мен мәнді кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғысын білдіріп, өзінің спорттық жолы, «Спартак» клубының жастар командасымен жұмыс ерекшеліктері және Қазақстанның Оңтүстік астанасы – Алматыға жасаған сапарынан алған әсерлері туралы айтып берді.

Кездесу соңында Қазақстандағы Православие Шіркеуінің басшысы жас спортшыларға рух мықтылығын тілеп, олардың рухани-адамгершілік тұрғыда кемелденуіне Құдайдан жәрдем сұрап, естелік сыйлықтарды табыстады.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді