ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Әлеуметтік қызмет
28.05.2026, 15:00

Көрнекті заңгер және қоғам қайраткері, профессор И.В. Понкинге жоғары Патриархтық марапат – қасиетті игі кнәз Александр Невский ордені табыс етілді

Көрнекті заңгер және қоғам қайраткері, профессор И.В. Понкинге жоғары Патриархтық марапат – қасиетті игі кнәз Александр Невский ордені табыс етілді

27 мамыр 2026 жыл. Мәскеу. Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің батасымен Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр көрнекті ресейлік заңгер, құқықтанушы және қоғам қайраткері Игорь Владиславович Понкинге қасиетті игі ұлы кнәз III дәрежелі Александр Невский орденінің табыс етті.

И.В. Понкин – заң ғылымдарының докторы, профессор, Ресей ІІМ Мәскеу облысы бойынша Бас басқармасы жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшесі, Ресей Федерациясындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшесі, Ресей Федерациясы Әділет министрлігінің Мәскеу қаласы бойынша Бас басқармасы жанындағы мемлекеттік дінтану сараптамасын жүргізу жөніндегі Сараптамалық кеңестің мүшесі, Ресей Федерациясы Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы Жоғары аттестациялық комиссияның теология жөніндегі Сараптамалық кеңесінің мүшесі.

Қасиетті Патриархтың жарлығымен Игорь Владиславович қоғамдағы дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтаудағы айрықша еңбегі үшін жоғары шіркеулік наградаға ие болды.

Марапатты тапсыра отырып, Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы атап айтқанда былай деді: «Сіз көптеген жылдар бойы заң саласында еңбек етіп, жоғары кәсібиліктің, Отанға адал әрі жанқиярлықпен қызмет етудің үлгісін көрсетіп келесіз. Өміріңізді ақиқатты қорғау, жазықсыз жандардың құқығын қорғау, экстремизм мен радикализмге қарсы күрес сияқты игі іске арнадыңыз. Шынайы сенуші адам ретінде Сіз өзіңіздің сан қырлы қызметіңізде Інжіл сөзін басшылыққа алып, апостол Павелдің: «Жамандықты жақсылықпен жең» (Рим. 12:21) деген өсиетін ұстанып келесіз. Сіздің көпжылдық еңбегіңіздің елеулі бөлігі Орыс Православие Шіркеуінің заңды мүдделерін қорғауға арналды. Сіз православие халқына көптеген ғибадатханаларды қайтару, қираған қасиетті орындарды қайта жаңғырту, архипастырлар мен пастырларға қарсы қорлаушы шабуылдарға қарсы күрес, сондай-ақ теология ғылымын отандық білім беру жүйесіне енгізу ісіне белсенді атсалыстыңыз».

Кездесу барысында митрополит Александр сұхбаттасушысына Қазақстан Митрополиттік округінің өмірі туралы айтып беріп, мәдени маңызы зор оқиғалар – Алматыда өткен «Пасхальная песнь» халықаралық православиелік хор музыкасы фестиваліне және сенім мен тақуалық жолындағы діндар Алматы  және Қазақстанд митрополиті Иосифке (Чернов) арналған музей-үйдің ашылуына ерекше тоқталды.

Иерарх Қазақстандағы Православие Шіркеуінің басым бағыттарының бірі ретінде шіркеу мекемелері, мемлекеттік құрылымдар, дәстүрлі конфессиялар, қоғамдық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялар арасындағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайтуды атап өтті. Бұл қызметтің мақсаты – мәңгілік рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтау, конфессияаралық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайту. Митрополит Александр Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың мемлекет-конфессиялық және конфессияаралық диалогты дамытудағы біріктіруші рөлін ерекше атап өтті. Президент қоғамның, әсіресе жас ұрпақтың рухани-адамгершілік жағдайына үлкен көңіл бөледі.

Игорь Владиславович архипастырьмен өзінің қызметі – сараптамалық-талдамалық жұмыстары мен жаңа тұжырымдамалық мақалалары туралы ақпаратпен бөлісті. Атап айтқанда, ол «Практик-талдаушылардың функционалдық бейіндері және талдамалық жұмысты стандарттау» атты жан-жақты теориялық еңбектің жарық көруі туралы айтты.

Жылы атмосферада өткен кездесудің соңында митрополит Александр мен профессор И.В. Понкин бір-біріне денсаулық пен еңбектеріне табыс тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді