Ағымдағы жылдың 27-нен 28-не қараған түні Нижний Новгород облысында М12 тас жолында, Пильна ауылының маңында жол-көлік оқиғасы орын алды - Көкшетау және Ақмола архиепископы Серапион (Колосницин) болған көлік апатқа ұшырады. Архипастор Рождестволық оқуларға қатысу үшін Көкшетау қаласынан (Қазақстан Республикасы) Мәскеу қаласына жол тартқан.
Апат салдарынан архиепископ Серапион өмірге сәйкес келмейтін жарақаттар алып, оқиға орнында көз жұмды.
Марқұм архиепископ Серапионды жаназасы және оны жерлеу рәсімі Көкшетау қаласындағы Воскресенский соборында өтеді.
Архипастордың жаназасы менжерлеу уақыты қосымша хабарланады.
Қазақстан православие шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр марқұм иерархқа дұға бағыштау рәсімін жасады.
Марқұм болған архиепископ Серапион ризашылықпен мәңгілік есімізде сақталады!
Митрополит Александр Құдай Анасының «Жоғалғандарды іздеу» иконы құрметіне арналған астаналық монастырдің басшысымен монастыр өмірінің өзекті мәселелерін талқылады
ТолығырақИеміз Қүдайдың Көкке Көтерілу мерекесінің аяқталуы мен Санкт-Петерборлық киелі Ксенияны еске алу күнінде митрополит Александр Астанадағы Александро-Невский шіркеуінде Литургияны өткізді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр