ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Православие жаңалықтары
12.03.2025, 16:05

Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы мен Мәскеу Патриархатының істері Басшысы Мәскеу және бүкіл Ресей Әулие Патриархы Кириллдің Қазақстанға алдағы сапарын талқылады

Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы мен Мәскеу Патриархатының істері Басшысы Мәскеу және бүкіл Ресей Әулие Патриархы Кириллдің Қазақстанға алдағы сапарын талқылады

12 наурыз 2025 жыл. Мәскеу. Данилов монастырындағы Патриархаттық және Синодтық резиденциясында Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы  Астана және Қазақстан митрополиті Александр мен Мәскеу Патриархатының істері жөніндегі Басшысы митрополит Григорий Воскресенскиймен кездесуі өтті.

Сәлем аломасудан кейін митрополит Александр билеуші Григорийге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Кеңесшісі Е.Т. Қаринмен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі А.Ғ. Балаева және Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Д.А. Абаевпен кездесулерін айтып берді.

Кездесудің басты тақырыбы Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы, Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің Қазақстанға алдағы сапары жайлы болды. Жоғары Мәртебелі Республика астанасына ел Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевтың шақыруымен биылғы жылы  17-18 қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндердің VIII Съезіне қатысады.

Екі тарапты да қызықтыратын кең ауқымды мәселелер бойынша пікір алмасу болды. Әңгімелесушілер Қазақстандағы шіркеу-мемлекет қатынастары мен конфессияаралық диалог тақырыптарын, сонымен қатар елордалық округте рухани білім мен ағартушылықты дамыту мәселелерін талқылады.

Митрополит Александр сұхбаттасына Қазақстан митрополиттік округінің баспа бөлімі мен Алматы православиелік теологиялық семинариясының ұйымдастыруымен Алматыда Патриарх Кириллдің Бірінші иерархиялық таққа отырғанына 16 жыл толуына арналған баспа жұмыстарының тұсаукесері туралы хабарлады.

Кездесу соңында архипастарлар бір-біріне денсаулық, шіркеу жұмысында Құдайдың рақымын тіледі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді