ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Православие жаңалықтары
21.03.2025, 15:30

Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің Астана мен Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесуі өтті.

Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің Астана мен Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесуі өтті.

20 наурыз 2025 жыл. Мәскеу. Данилов монастырындағы Патриархалды және Синодтық резиденциясында Мәскеу және Бүкіл Русь Қасиетті Патриархы Кириллдің Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің басты тақырыбы Орыс Православие Шіркеуі Басшысының Қазақстан Республикасына сапары жайлы болды. Бұған дейін Жоғары Мәртебелі Президент Қ.-Ж.К. Тоқаевтың биылғы жылдың 17-18 қыркүйегінде Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезіне қатысуға шақыруын қабыл алды.

Қасиетті Патриарх Кирилл мен Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысы Жоғары Мәртебелінің Қазақстан аумағына келгендегі бағдарламасын талқылады. Съезге қатысумен қатар, Жоғары Мәртебелі қасиетті Құдай Анасының Рождество мерекесінде еліміздің бас шіркеуі – Астананың Успен кафедралды  соборында Құдайлық Литургияны атап өтеді, Мәсіх шіркеуінің жаңа шейіттерінің ерліктері мен азап шегіп қаза тапқан жерлеріне және Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінің тұтқындарын жаппай жерленген жеріне - «АЛЖИР» барады, Үкімет басшылығымен және қазақстандық архипастырлармен кездеседі, Қазақстан жерінде жарқыраған Бүкіл әулиелер атындағы ғибадатхана мен рухани-ағарту орталығының құрылыс алаңында болады деп болжайды.

Жоғары Мәртебелі мыңдаған православие христиандарының, соның ішінде Қазан митрополиті Кирилл (Смирнов), митрополит Иосиф (Петровых), архиепископ Алексий (Орлов), Евгений (Кобранов) және басқа да атақты архипасторлар мен тәлімгерлер, сансыз қарапайым сенушілердің өлім жазасына кесілген жері мен ақтық демі таусылған орны болып табылатын әлемге әйгілі Лисья балка орналасқан Шымкент қаласына барғысы келетінін білдірді.

2024 жылдың қарашасында Қасиетті Патриарх Кирилл Лисья балкада православиелік иерархтардың, діни қызметкерлердің және сенімдері үшін азап шеккендерге ескерткіш ретінде мемориалдық шағын шіркеу құру туралы бастамасын ұсынды. Жоғары Мәртебелінің игі идеясын еліміздің мемлекеттік басшылығы қолдады, Лисья балкада жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған адамдарды еске алуға, ресми деректер бойынша олардың саны 18 мыңнан астам адамды құрайтын Шымкенттік жаңа шейіттердің құрметіне мемориалдық шағын шіркеу салынатын болады.

Митрополит Александр Жоғары Мәртебеліге осы жылы канондық-құқықтық мәртебенің бекітілгеніне 15 жыл, Ұлы Дала апостолы – Түркістан архиепископы Софониидың (Сокольский) туғанына 225 жыл, және Қазақстан мен Алматы митрополиті қасиетті діндар Николайдың  (Могилевский) қайтқанына 70 жыл толуын атап өтіп жатқан Митрополит округінің тыныс-тіршілігі туралы хабарлады.

Қасиетті Патриарх Кирилл Митрополиттік округ Басшысына еңбегі үшін алғысын білдіріп, Қазақстанның архипастырларына, дінбасыларына, монастырдағыларына және діни қызметкерлеріне  өзінің Бірінші иерархиялық батасын жеткізді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді