ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Православие жаңалықтары
06.04.2025, 17:00

Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы, қасиетті Тихонның өмірден өтуінің 100 жылдығына арналған Патриархалдық сөзі

Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы, қасиетті Тихонның өмірден өтуінің 100 жылдығына арналған Патриархалдық сөзі

Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы қасиетті Тихонның өмірдерн өтуінің 100 жыл толуына орай айтқан сөзі.

Аса Құрметті, Жоғары Мәртебелі!

Ардақты әкелер ! Құрметті бауырлар!

2025 жыл - Құдайдың қалауымен революциялық толқулардың, азаматтық соғыстың және сенім үшін аясыз қудалаудың басталуының ауыр сынақтарын бастан өткерген Басшы, Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы, қасиетті Тихонның Иемізге қайтарылуының 100 жылдығын мінажатпен атап өтіп жатқан Орыс Православие Шіркеуі үшін ерекше есте қалатын жыл.

Мәскеудің Жоғарғы Иерархтары кафедрасын аттай  отырып, әулие Тихон өзіне тағылған кресттің орасан зор салмағын сезінді, бұл оның сөздерімен дәлелденді: алдағы Патриархалды қызметте қанша көз жас пен күрсінуді тұрған еді! (Сайлау туралы хабарды алған митрополит Тихонның сөзі). Мұның бәрі шынымен орындалды және Жоғары Басшының жұмысы ол үшін қорқынышты сөздер: жылау, күрсіну және қайғы деп жазылған пайғамбарлық шиыршық болды» (Иез. 2:10).

Орыс Шіркеуінде Патриархаттың қалпына келуі 1917 жылдың күзінде халық арасындағы діни сенімді толығымен жоюды мақсат етіп қойған және Мәсіх Шіркеуін бұрын-соңды болмаған қудалауды тудырған жаугер құдайсыздардың билікке келуімен тұспа-тұс келді. Қанды қырғындарды жасаған большевиктердің қылмыстарын батыл әшкерелей отырып, әулие Тихон: «Шіркеу өзін белгілі бір басқару тәсіліне мәңгілікке байламайды, өйткені мұның тек салыстырмалы тарихи мәні бар. Шіркеудің қызметі басқа – ол мемлекеттің ар-ұжданы болып табылады және солай болуға тиіс» (Қасиетті Патриарх Ермогенді еске алу күні айтылған Сөздер, 1919 жылғы 2 наурыз) деп куәлік етті.

Кішіпейілділік пен момындықпен, Құдай жолындағы құлшыныспен және жанып тұрған рухпен үйлесетін Әулие Тихон өзіне сеніп тапсырылған қызметті орындап, қауымды крест жолынан адаспауды және Православие Шіркеуіне адал болуды өтінді.

Патриарх Тихон ескі Ресейдің күйреуі мен православие ғибадатханаларының қирағанын көргенде басынан өткерген ауыр ойлар мен қайғы-қасіретті бір Иеміз ғана біледі. Бір Жаратқан Ие әулиенің Донск монастырінде тұтқында болғанда, Шіркеудің басқаруынан іс жүзінде ажыратылған кезде, өзіне сеніп тапсырған қауымына айтқан жалынды дұғаларын біледі. Бірақ өзін Құдайдың қызметшісі ретінде, үлкен шыдамдылықта, қиыншылықтарда, мұқтаждықтарда, ауыр жағдайларда, еңбекте, сақтықта, Киелі Рухта, шексіз сүйіспеншілікте көрсете отырып (2 Кор. 6:4-6), әулие тәубеге келуші тәжіне ие болды және батылдық пен рухани күштің үлгісі болды.

Православие халқы Киелі Русьтің қалалары мен аймақтарына әкелінетін Әулие Тихонның құрметті жәдігерлеріне ерекше сезіммен ағылады. Бұл қасиеттіге қол тигізу бізге сенімімізді нығайтуға және Құдай алдындағы Отанымыз мен халқымыз үшін Әулие Тихонның шапағатының күшіне үміт артуға көмектеседі. Әулие Тихон жердегі өмірінде тынымсыз қамқорлық жасаған және қазір Құдіреті шексіз Тақтың алдында тұрған Орыс Шіркеуінің адал балаларының өтініштеріне жауап береді деп сенеміз және үміттенеміз.

Әулие Тихонға шын жүректен дұға етейік, осылайша халқымыздың сенімі әлсіремеуі үшін, Иеміз өзінің даңқты әулиесінің және апостолдық дәстүрлердің құлшыныстысын шапағат ету арқылы біздің Шіркеуіміз бен елімізге Құдайдың тыныштығы мен  амандығымен беріп (әулиеге тропарион), евангелиялық өсиеттерді орындауда және Құтқарушы Мәсіхке батылдықпен еруде бізді нығайтқай.

Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы әулие Тихонның шапағаты арқылы Мейірімді Ққдай баршаңызды қорғасын, қымбаттыларым!

+КИРИЛЛ, МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РУСЬ ПАТРИАРХЫ

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді