Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің архипастырларға, пасторларға, диакондарға, монастырдегілерге және Орыс Православие Шіркеуінің барлық адал балаларына Пасхалық жолдауы:
Жаратқан Иенің сүйіктілері Аса мәртебелі архипастырлар, ардақты діни қызметкерлер мен диакондар, Құдайды сүйгіш монахтар мен монахинялар, қымбатты бауырлар!
ХРИСТОС ҚАЙТА ТІРІЛДІ!
Өмірді гүлдендіретін және үлкен рухани күшке толы сөздермен баршаңызды шын жүректен көргеніме қуаныштымын және қасиетті Пасханың ұлы және нұрлы мерекесімен құттықтаймын.
Шіркеу дәстүрі бұл күнді мерекелердің мерекесі және салтанаттардың салтанаты деп атайтыны кездейсоқ емес, өйткені Мәсіхтің Қайта тірілуі біздің сеніміміз бен үмітіміздің берік негізі болып табылады. Онда әр адамның түрленуі мен жаңаруы, мәңгілік өмірдің нұры және мәңгілік қуаныш көзі бар. Мәсіхтің Қайта тірілуі адамзаттың ең қорқынышты жаулары - күнә мен өлімді жойды, Құдай мен адамдар арасындағы кедергіні жойып, бізді зұлымдық күшінен құтқарды. Әулие Николай Құтқарушының қайта тірілуін дәріптей отырып, «Мәсіхтің жең
Сербиялық әулие Николай Құтқарушының Қайта тірілуін мадақтай отырып, «Мәсіхтің жеңісі біріншіден соңғыға дейін барлық адамзат қуана алатын жалғыз жеңіс. Жер бетіндегі кез келген басқа жеңіс адамдарды бөлді және бөліп келеді... Бірақ тек Мәсіхтің жеңісі - күн сияқты, оның астында тұрғандардың бәріне жарық сәулелерді төгеді».(Сұхбаттар. Өлімді жеңуші жайлы Інжіл).
Бұл құтқарылуға ұмтылатын әрбір адамға, Мәсіхтің әрбір сенушісіне және ізбасарына, апостол және евангелист Иоанның сөздеріне сәйкес, күнәны жеңіп, Құдайдың сүйікті перзенті болу мүмкіндігі берілгенін білдіреді (1 Ин. 3, 1).
Біз Паханы ежелгі еврейлер секілді көп жылғы мысырлық тұтқынынан азат етілгеніне қуанып,бір елден екінші елге, тіпті Уәде етілген жер болса да, көшуді тойламаймыз. Біздің Пасха бөлек. Иеміз бізді күнәнің қараңғылығынан және өлімнің көлеңкесінен құтқарды (Лк. 1, 79) және бізге Көк Патшалығын берді.
«Мәсіх қайғылы тұтқындарды бостандық нұрына шығарды – Ол оларды Жұмақтың биігіне әлдилеп көтерді» (ХХХVIII Гимн) – қасиетті Ефрем Сиринның бұл шабыттанған жолдары пасха құпиясының терең уайымын - адамды зұлымдық әсерінен құтқару құпиясын білдіреді. Зұлымдық жойылған жоқ, бірақ адам Құдайдың рақымының күшімен зұлымдықпен күресу және өкіну, дұға ету және Қасиетті Евхаристия Құпиясында Құтқарушының денесі мен қанын қабылдау арқылы жеңу мүмкіндігіне ие болды. Сондықтан, апостол Павелмен бірге біз Мәсіхті өлімнен қайта тірілткеннің де біздің ішімізде тұратын Рухы арқылы өлетін денемізге өмір беретінін растаймыз (Рим. 8:11).
Мәсіхтің Пасха мейрамы жердегі ыдыраудан Құдаймен мәңгілік өмірге, Жаратушымыз және Құтқарушымызбен бірлікке өтуді білдіреді. Сондықтан, біз үшін қайта тірілген Исаға қуана отырып және Шіркеу бізге өлместіктің шынайы Азығы мен сусыны – Мәсіхтің тәні мен қанын беретін құтқарылу Тостағанын (Пс. 115:4) ризашылықпен қабылдап, Иемізді Оның сүйіспеншілігі мен мейірімінің істерімен көрсету арқылы шаршамай, тоқтаусыз мадақтаулар жасайық.
Жақсылыққа және Құдайдың ісіндегі табысқа ұмтылуымыз кейде жесір әйелдің жай ғана үлесі сияқты көрінсе де (Мк. 12:42), Иеміздің алдында еңбегіміз бекер емес екенін біле отырып, сеніміміздің мызғымастығы мен үмітіміздің беріктігі бізде әлсіреп кетпеуі үшін әрқашан сақ болайық (1 Кор.15:58).
И хотя наше стремление к добру и преуспевание в деле Божием может казаться порою скромной лептой вдовицы (Мк. 12, 42), будем всегда иметь попечение о том, чтобы не ослабевала в нас твёрдость веры и непоколебимость надежды, зная, что труд наш всё же не тщетен пред Господом (1 Кор. 15, 58).
Тірілген Құтқарушыны мадақтап,ұлықтап, бір-бірімізді сүйіспеншілікпен құшақтайық және Құдай бізді өмір жолында біріктіретін әрбір адаммен өшпес Пасха қуанышын бөлісейік, бұл туралы сөзбен де, іспен де куәландырайық
МӘСІХ ШЫНЫНДА ТІРІЛДІ!
МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РУС ПАТРИАРХЫ
Мәсіхтің Пасхасы 2025 ж.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр