ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Православие жаңалықтары
21.04.2025, 23:10

Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтуы

Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтуы

Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Кирилл Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты:

Жоғары Мәртебелі, Аса құрметті Кевин Кардинал Фаррелл, Рим-Католик Шркеуінің Камерлонгы

Аса Мәртебелі!

Рим Папасы Францисктің қайтыс болуына байланысты көңіл айтуымды қабыл алыңыз.
Марқұм Понтифик Рим-Католик Шіркеуін дәуірлік өзгерістер кезінде басқарды (Рим Папасы Франциск пен Патриарх Кириллдің бірлескен мәлімдемесі, 7). Оның есімі Орыс Православие және Рим-Католик Шіркеулері арасындағы қарым-қатынастың маңызды кезеңімен байланысты. 2016 жылы өткен олардың Басшыларының тарихтағы алғашқы кездесуі біздің Шіркеулердің «алыс және жақын өткендегі қақтығыстарда келтірілген жараларды емдеуге» және «Мәсіхтің Інжіліне және бірінші мыңжылдық шіркеуінің ортақ мұрасына куәлік ету үшін күш-жігерді біріктіруге» деген ұмтылысын білдіреді. (Бірлескен мәлімдемесі 5, 7). Дүние жүзіндегі христиандар үшін ерекше маңызға ие болған нәрсе Аса Қасиеттінің қиналғандар мен тұрмысы нашар адамдармен ынтымақтасу ниеті болды. Иеміз Иса Мәсіхтің әрбір кедейдің және көмекке мұқтаж адамның тұлғасында болуын үнемі еске түсіре отырып, Рим Папасы кейде әдейі жасалатын әділетсіздікке, адамдық қадір-қасиетке нұқсан келтіруге және қудалаудың әртүрлі түрлеріне назар аударды. Біз оның діни бостандықты, әсіресе, қуғынға ұшыраған Украина Православие Шіркеуін қорғаудағы мәлімдемелерін ризашылықпен еске аламыз.
Мейірімді Құдай дүние жүзіндегі христиандар Мәсіхтің Қайта тірілуін тойлаудың екінші күні қайтыс болған қызметшісінің рухын әділдердің мекенінде тынықтырсын. Ол оны «өлімнен өмірге әкелсін» (Ин. 5:24), барлық ерікті және еріксіз жасаған күнәларын кешіріп, оған мәңгілік естелік қалдырсын!

Шын көңіл айта отырып,

+КИРИЛЛ, МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РУСЬ ПАТРИАРХЫ

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді