ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Православие жаңалықтары
15.05.2025, 17:35

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Қасиетті Синод отырысына қатысты

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Қасиетті Синод отырысына қатысты

15 мамыр 2025 жыл. Мәскеу. Данилов монастыріндегі Патриархалдық және Синодтық резиденциясында Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің төрағалығымен Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының кезекті отырысы өтті.

Отырысты аша отырып,  Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысы Қасиетті Синод мүшелерінің алдында қысқаша сөз сөйледі, одан кейін Синод күн тәртібіне сәйкес жұмысын бастады.

Отырысқа қатысқандар: 

Қасиетті Синодтың тұрақты мүшелері: Астана және Қазақстан митрополиті Александр, Қазақстан Республикасындағы Митрополит округінің басшысы; Ташкент және Өзбекстан митрополиті Викентий, Ортазиялық митрополиттік округінің басшысы; Санкт-Петербург және Ладожский митрополиті Варсонофий; Крутицкий және Коломенский митрополиті Павел , Мәскеу митрополитінің  Патриархалды билеушісінің өкілі; Минск және Заславский митрополиті Вениамин, бүкіл Беларусь Патриархының экзархы; Воскресенский митрополиті Григорий, Мәскеу Патриархатының істері басшысы; Волоколамский митрополиті Антоний, Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімінің төрағасы; Владимирский және Суздальский митрополиті Никандр, Мәскеу Патриархатының Қаржы-шаруашылық басқармасының төрағасы;

Қасиетті Синодтың уақытша мүшелері: Новокаховский және Генический митрополиті Филарет; Костромский және Нерехтский митрополиті Ферапонт; Воркутинский және Усинский архиепископы Марк; Балашовский және Ртищевский епископы Тарасий; Есіл  және Аромашевский епископы Тихон.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді