ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Православие жаңалықтары
14.08.2025, 16:45

Мәскеу және Бүкіл Ресей Әулие Патриархы Кириллдің Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесу өтті

Мәскеу және Бүкіл Ресей Әулие Патриархы Кириллдің Астана және Қазақстан Митрополиті Александрмен кездесу өтті

14 тамвз 2025 жыл. Мәскеу. Данилов монастыріндегі  Патриархалды және Синодтық резиденцияда Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрмен кездесуі өтті.

Кездесуге қатысқандар: Жоғары Мәртебелінің жеке хатшысы Раменский  епископы Алексий және Шіркеудің қоғаммен және БАҚ байланысы жөніндегі Синодтық департаментінің төрағасы В.Р. Легойда. 

Кездесудің негізгі тақырыбы Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысының Қазақстан Республикасына сапарының бағдарламасын талқылау және Президент Қ.-Ж.К. Тоқаевтың шақыруымен ағымдағы жылдың 17-18 қыркүйегінде Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне қатысу туралы болды.

Митрополиттік округ Басшысы Қасиетті Патриарх Кириллді Қазақстан жерінде, Қазақстанның астанасында жарқыраған Бүкіл әулиелер атындағы шіркеу мен рухани-ағарту орталығы мен Шымкент қаласындағы Мәсіх үшін азап шеккен мыңдаған православиелік сенушілер өлім жазасына кесілген және соңғы ақтық демі  таусылған орны - Лися Балкада мемориалдық шіркеу құрылысының барысы туралы хабардар етті. Билеуші митрополит бір күн бұрын - 13 тамызда - Астанада жаңадан салынған шіркеуге күмбездер мен кресттер орнатылғанын атап өтті. 

Митрополит Александр Қасиетті Мәртебеліге Қазақстан православие шіркеуінің өмірі туралы айтып берді.

Митрополиттік округ Басшысы Жоғары Басшыны Түркістан епархиясының бірінші архипастары және Ұлы дала елшісі архиепископ Софониидың (Сокольскийдің) туғанына 225 жыл толуына орай дін қызметкерлері мен қауымына жіберген Патриархалдық құттықтаулары үшін жылы лебізін білдіріп, Қасиетті Билеушіге 8-11 тамызда Ресей, Беларусь және Қырғызстаннан келген қонақтардың қатысуымен өткен Қазақстан православие жастарының Х Съезі туралы хабардар етті.

Қасиетті Патриарх Кирилл митрополит Александрға еңбегі үшін алғысын айтып, Қазақстанның архипастырларына, дінбасыларына, монастырлері мен қарапайым сенушілеріне өзінің Жоғары Басшылық батасын жеткізді.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді