16 қыркүйек 2025 жыл Жоғары Басшы Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округіне сапары басталды.
Қазақстанға сапары барысында Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысын алып жүргендер: Крутицкий және Коломенский митрополиті Павел, Мәскеу Патриархатының көршілес елдердегі епархиялар Басқармасының басшысы, Мәскеу Митрополитінің Патриархтық өкілі; Қасиетті Патриарх Кириллдің жеке хатшысы епископ Раменский Алексий; Шіркеудің сыртқы байланыстар бөлімі төрағасының орынбасары архимандрит Филарет (Булеков), Патриархалдық протокол қызметінің басшысы протоиерей Андрей Бондаренко, Шіркеудің қоғаммен және БАҚ байланысы жөніндегі Синодтық бөлімінің төрағасы В.Р. Легоида, Мәскеу және бүкіл Русь Патриархының Баспасөз қызметі басшысының орынбасары Н.И. Державин.
Астана халықаралық әуежайында Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысын Қазақстан Республикасындағы Митрополит округінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаев қарсы алды.
Сондай-ақ қарсы алушылардың қатарында болғандар: Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі А.Г.Балаева, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Д.А. Абаев, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н. Бородавкин, астананың әкімі Ж.М. Қасымбек, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Ж.Қ. Асанов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы А.И. Лукин, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы М.А.Споткай; Митрополит округінен - Астана приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев), Алматы православиелік рухани семинариясының ректоры протоиерей Евгений Иванов, Астананың Константино-Еленинский соборының кілтшісі иерей Сергий Калиев, Митрополиттік округ Басшысының әкімшілік хатшылығының меңгерушісі иерей Георгий Сидоров; Митрополиттің көмекшісі И.Е. Яценко.
Әуежай ғимаратында Қасиетті Патриарх Кирилл Сенат Төрағасы М.С. Әшімбаевпен, министр А.Г.Балаевамен, әкім Ж.М. Қасымбекпен, дипломаттар және сенаторлармен сұхбаттасты.
17 қыркүйекте Қазақстанның елордасы Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезінің ашылу салтанатында Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысы сөз сөйлейді. Бейсенбіде, 18 қыркүйекте, ол кісі Астанадағы Успен соборында дұға ететін болады. Сапар аясында сондай-ақ шіркеулерге бару, ғибадат ету, Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің діни қызметкерлерімен және қауымымен өзара сұхбат жоспарланған.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр