ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Православие жаңалықтары
18.09.2025, 12:30

Қасиетті Патриарх Кирилл әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің жабылу салтанатына қатысты

Қасиетті Патриарх Кирилл әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезінің жабылу салтанатына қатысты

18 қыркүйек 2025 жылы Қазақстан астанасында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезінің іс-шаралары жалғасты.

Форумның екінші күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім саябағының ашылу салтанатымен басталды. Одан кейін адамдарды біріктірудегі, тұрақты жаһандық дамудағы діндердің рөлі, цифрландыру мен жасанды интеллектті рухани түсіну, экстремизмге қарсы тұру және бейбітшілікті нығайту мәселелері бойынша секциялық отырыстар өтті. Сонымен қатар, «Жастар бейбіт қатар өмір сүру үшін: болашақ жолындағы синергия» тақырыбында Жас дін көшбасшыларының II форумы және дінаралық диалогтың академиялық көзқарасы бойынша сарапшылық дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараларға Қазақстандағы Орыс Православие Шіркеуінің дін қызметкерлері мен өкілдері, Мәскеу Патриархатының ресми делегациясының мүшелері, басқа діни бірлестіктер мен ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері, ғалымдар, журналистер, діни және зайырлы жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Түстен кейін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезінің жабылу салтанаты өтті.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.Қ. Тоқаев басқарған

салтанатты шараға Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл және онымен бірге келген делегация мүшелері қатысты: Қазақстан Республикасындағы Орыс православ шіркеуі Митрополиттік округінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр; Крутицкий және Коломенский митрополиті Павел, көршілес елдердегі епархиялардың Мәскеу Патриархаты Басқармасының басшысы; Минск және Заславль митрополиті, Бүкіл Беларусь Патриархының экзархы Вениамин; Мәскеу Патриархатының сыртқы шіркеулік байланыстар жөніндегі Бөлімі төрағасының орынбасары архимандрит Филарет (Булеков); Қоғаммен және БАҚ-пен шіркеу байланысы жөніндегі Синодтық Бөлімнің төрағасы В.Р. Легойда; СШББ МП днаралық қатынастар жөніндегі хатшысы иерей Илия Кашицын.

Жиналғандар – дін көшбасшылары, халықаралық ұйымдардың басшылары мен өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ондаған елдің сарапшылары алдында сөз сөйлеген қасиетті Патриарх Кирилл дінаралық форумның қорытындысына қанағаттанғанын білдірді, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және конгресті ұйымдастыруға атсалысқандардың барлығына алғысын білдірді.

«Құрметті конгреске қатысушылар!

Осы айтулы кездесуді өткізу фактісіне де, қол жеткізілген нәтижелерге де қанағаттанғанымды айтқым келеді. Және, әрине, ел билігі де, осы жұмысты ұйымдастыруға атсалысқан белсенділер де жасаған тамаша атмосфераға ризамын. Біз шынымен де жаһандық дінаралық платформаны, бейбітшілік пен өркендеу жолында бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылығы бар адамдарды таптық.

Мен басқа да маңызды платформалармен бірлесе отырып, біз бүгінгі күні бүкіл адамзаттың күн тәртібінде тұрған мәселелерді шешуге немесе шешімдерді дайындауға немесе зерттеуге белсенді қатыса аламыз деп ойлаймын. Діни жетекшілердің, әртүрлі діндер мен конфессияларға жататын көшбасшылардың бүгінде бір отбасы болып, қоян-қолтық жұмыс істегені өте маңызды, әрқашан болған және біздің дискурсымыздан жақын арада жойылып кетуі екіталай теологиялық айырмашылықтарға қарамастан, бұл біздің ұстанымдарымыздың жақындығын айғақтайды. Дегенмен, бүгінгі күні бүкіл адамзат баласының өміріне төніп тұрған қауіп-қатерлерге байланысты алдымызда тұрған ортақ мақсаттар біздің бірлескен жұмысымызды одан әрі дамытуға ынталандыратыны сөзсіз.

Осы іс-шараға дайындықтың соншалықты жақсы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін уақыт пен күш жұмсаған Президент Тоқаев мырзаға өз атымнан және барлықтарыңыздың атыңыздан шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ осы іске атсалысып, барлығымызға қонақжайлық көрсеткен Қазақстанның дін қайраткерлеріне алғыс айтқым келеді.

Жаһандық бейбітшілік пен әділетті орнату жолында бізді нығайта отырып, Құдайдың батасы бәрімізге жаусын. Бар жақсылықты тілеймін! Назар аударғаныңызға рақмет».

Форумның жабылу салтанатында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезінің қорытынды декларациясы қабылданды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді