ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Православие жаңалықтары
19.09.2025, 15:00

Қасиетті Патриарх Кириллдің Қазақстанға сапары аяқталды

Қасиетті Патриарх Кириллдің Қазақстанға сапары аяқталды

2025 жылғы 18 қыркүйекте кешке Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриархы Кириллдің Қазақстан Республикасына сапары аяқталды.

Астана әуежайында Орыс Православие Шіркеуінің Жоғары Басшысын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М.С. Әшімбаев, Қазақстан Республикасындағы Митрополит округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Н. Бородавкин, басқа да ресми тұлғалар шығарып салды.

Әуежайда Қазақстан Сенатының Төрағасымен болған әңгімеде М.С. Әшімбаевпен сұхбатында, Қасиетті Патриарх Кирилл былай деп атап өтті: «Ең бастысы, бұл жерде мен өз халқымның арасында екенімді сезінемін: ешқандай жалған дипломатия жоқ, бәрі өте ашық, өйткені халқымыз тарих, менталитет бойынша жақын адамдар».

«Ең бастысы - біздің халықтарымыз арасында қалыптасқан тарихи ортақтықтың сақталуы. Бұған мұсылман діні де, православие діні де қамқорлық танытуы керек деп есептеймін, өйткені біз бірге болсақ, біз күштіміз", - деді Қасиетті Билеуші Қазақстан басшылығына шақыруы мен сапарды ұйымдастырғаны және қонақжайлылығы үшін алғысын білдіріп.

Өз кезегінде М.С. Әшімбаев Қасиетті Билеушінің сапарының  маңызды тарихи оқиға екенін атап өтті.

«Мұның барлығы менің өмірімдегі және пасторлық қызметімдегі маңызды оқиға ретінде есімде қалады. Мен сіздердің елдеріңіздің көрнекті жерлерін аралап, православие халқымен бірге дұға оқып, ел басшылығымен тілдесуге мүмкіндік алдым. Жаратқан Ием мені бір күні тағы да осы ғажайып жерге келуді бұйыртады деп үміттенемін», - деді Патриарх Кирилл

«Біз бұған сенеміз, біз әркез қуана құшақ жаямыз, және, әлбетте, Жоғары Мәртебелі, Сізді еліміздің, қазақ халқының және еліміздің басшылығының ұлы тамаша досы ретінде көреміз. Біз сізді елімізде көруге әрқашан қуаныштымыз", - деп қорытындылады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы.

Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл Астанадан Мәскеуге аттанды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді