ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Обращение
20.09.2025, 14:30

Қасиетті Патриарх Кириллдің Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевқа жолдаған алғыс хаты

Қасиетті Патриарх Кириллдің Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевқа жолдаған алғыс хаты

Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевқа Қазақстанға сапарын ұйымдастыруға ықпал еткені үшін алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары Мәртебелі, аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлына!

Жоғары Мәртебелі, аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Менің Қазақстан Республикасына сапарымды ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсеткеніңіз үшін Сізге және Сіздің жұмыстастарыңызға шын жүректен алғыс айтамын.

Маған көрсетілген қонақжайлылық.

Қазақстан халқын танымал еткен қонақтарға деген дәстүрлі құрмет пен жылы лебіздің көрінісі болды.

Шіркеу-мемлекеттік ынтымақтастығын нығайту және тату көршілік қатынастарды дамытуға және дінаралық татулықты сақтауға бағытталған бастамаларды жүзеге асыру мәселелеріне қойылған Сіздің назарыңызды жоғары бағалаймын.

Сіздің жеке қатысуыңызбен Астанада өткен әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII  ъезі әлемдегі жетекші діни бірлестіктер өкілдерінің ынтымақтастығын және олардың халықтар арасындағы жақсы түсіністікке қол жеткізуге ұмтылысын тағы бір паш етті.

Мемлекеттік органдар мен шіркеу қауымдастықтары арасындағы оң өзара іс-қимыл біздің замандастарымыздың адамгершілік өсуіне және еліміздің өркендеуіне алда да ықпал ететініне сенімдімін.

Сізге және барша Қазақстан халқына зор денсаулық, қажымас қайрат, игі істеріңізде Ұлы Жаратушының жәрдемі тілеймін.

Құрметпен,

+КИРИЛЛ, МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РУСЬ ПАТРИАРХЫ

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді