18 қыркүйек 2025 жыл. Астана. Успен кафедралды соборындағы салтанатты дұғадан кейін Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрға жоғары шіркеу наградасын табыс етті.
Оның қажырлы архипастырлық еңбегін ескеріп, Жоғары Басшы Митрополит округінің басшысын I дәрежелі ізгі кнәз Александр Невский орденімен марапаттады.
Митрополит Александрды құттықтай отырып, Қасиетті Патриарх Кирилл, атап айтқанда былай деді: « Қазір Қазақстан Республикасындағы Орыс Православие Шіркеуінің Митрополиттік округінің басшысы ретінде Сіз өзіңізге сеніп тапсырылған қауымда шабыттанған сөздеріңіз бен игі істеріңізбен замандастарыңызға Інжілдің мәңгілік ақиқаттарын айғақтап, адамдарды бейбітшілік пен азаматтық келісімге шақыра отырып, епархия өмірін жан-жақты дамытуға әкелік қамқорлығыңызды танытып келесіз. Сіздің құлшыныстағы қызметіңізді бағалай отырып, сізді I дәрежелі ізгі кнәз Александр Невский орденімен марапаттау орынды деп есептеймін».
Қасиетті Патриарх Александрға жаны мен тәннің күш-қайратын және әлемнің Құтқарушысынан оның биік архипасторлық қызметінде мызғымас көмегін тіледі.
Қасиетті Патриарх Кирилл Қазақстан Митрополиттік округінің Басшысын Орыс Православие Шіркеуінің жоғары наградасымен марапаттады
ТолығырақҚасиетті Патриарх Кириллдің Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж.К. Тоқаевқа жолдаған алғыс хаты
ТолығырақҚасиетті Патриарх Кириллдің Астана және Қазақстан Митрополиті Александрға жолдаған алғыс хаты
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр