Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кирилл Православие жастары күніне орай үндеу жасады.
Қымбатты бауырлар мен әпке-қарындастар!
Баршаңызды Иеміздің Ұсыну мерекесімен және бүгін аталып өтіп жатқан Православие жастары күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Ұсыну — бұл кездесу мерекесі. Алайда сөз Інжілде баяндалған, аз ғана адамдар үшін маңызды болған тарихи кездесу туралы ғана емес. Бүгін еске алынатын бұл құпия оқиға мәңгілікке ұласады. Қасиетті Симеон сәбиді — Иса Мәсіхті құшағына алған кезде, ол Құдайды аңсаған әрбір адам жанының бейнесіне айналды. Қарттың құшағында тұрған Сәби (канонның 9-шы жырының қайырмасы) — біздің жүрегіміздің есігінің алдында тұрып, қағып тұрған (Откр. 3:20), біз Оны бүкіл жанымызбен және бүкіл ақыл-ойымызбен сүйіп, қабылдауымызды күтіп тұрған Сол Мәсіхтің Өзі (Мат. 22:37).
Біздің өміріміз кейде түрлі оқиғаларға толы болып, күйбең тіршіліктің тұманы мен сансыз қамқорлықтардың арасында ең маңыздысын байқамай қалуымыз мүмкін. Ал сол ең маңыздысы — әр адамның өмір сүру мақсаты: Құдаймен кездесу. Дәл осы кездесу біздің өмірімізді шынайы мағынамен және өшпес құндылықпен толтырып, берік тірек пен рухани қолдау береді. Мұндай тірек пен қолдауды әрқайсымыз іздейміз, әсіресе жастар.
Осы мерекелі күні баршаңызға дұғамен тілерім — жүректеріңізді Иемізге ашып, жеңілмес жан тыныштығын, шынайы бақытты және мол өмірді (Ин. 10:10) табуларыңыз.
Әлемнің Құтқарушысының игілігі баршаңызбен бірге болсын.
+КИРИЛЛ МӘСКЕУ ЖӘНЕ БҮКІЛ РУСЬТІҢ ҚАСИЕТТІ ПАТРИАРХЫ
Митрополит Александр Алматыда жаңадан ашылған Беларусь Республикасының Бас консулдығын қасиеттеу рәсімін өткізді
Толығырақ
Қасиетті сәрсенбі күні Қазақстан Митрополиттік округ Басшысы Алматы қаласындағы Благовещенский Шіркеуінде Литургияны өткізді
Толығырақ
Оңтүстік астанадағы Иверско-Серафимовский монастырінің игумениясы Қазақстан Митрополиттік округінің жоғары наградасымен марапатталды
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр