2026 жылғы 22 ақпан кешінде, Сыропуст аптасында, Адам атаның Жұмақтан қуылуын еске алу күні (Кешірім жексенбісі), Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кирилл Мәскеу қаласындағы Құтқарушы Мәсіх кафедралды соборлық храмында кешкі құлшылыққа қатысып, кешірім ету рәсімін басқарды. Кешкі құлшылық аяқталғаннан кейін Қасиетті Патриарх уағызын айтты.
Осы құлшылық арқылы біз Ұлы пост жолына қадам бастық. Пост, баршамыз жақсы білетіндей, – тағамнан бас тартумен және түрлі көңіл көтеру шараларына қатысудан тыйылумен байланысты өзін-өзі шектеу кезеңі. Әрине, пост біздің назарымызды дұғаға ерекше бағыттауды қажет етеді.
Әрбір православ христиан таңертең және кешке дұға етеді. Алайда пост бізді дұғаға деген көзқарасымызды қайта қарауға шақырады. Біз тек жаттанды сөздерді айтып қана қоймай, дұға кезінде шын мәнінде Құдайға бет бұруға тырысуымыз керек. Тіпті дұғалық кітаптағы сөздермен дұға етсек те, оларды жүрекпен айту қажет.
Дұға адамды Иеміз Құдаймен жалғайды, Онымен байланыс орнатудың өзге жолы жоқ. Сондықтан дұғаны елемеу – өз-өзіңді рухани азаптау. Егер адам дұға етпесе, онда не үшін храмға барады? Егер шынайы, жүректен шыққан, сенімге толы дұға болмаса, қалғанының бәрі «сыңғырлаған мыс пен сылдырлаған қоңырау» ғана (1 Кор. 13:1), яғни мазмұнсыз сыртқы ғұрыпқа айналады.
Храмға қатысу не үйде дұғалық мәтіндерді оқу – дұғаның бір бөлігі. Бірақ дұға тек ауызша айтылған сөздермен шектелмейді. Біз зейінімізді жинақтап, күш-жігерімізді жұмсап, Құдайдың алдында тұрғанымызды сезінуіміз керек. Өз Төрешіміздің, мейірімді Әкеміздің алдында тұрып, шын мәнінде маңызды нәрселер туралы өтінуіміз қажет.
Мұндай дұға адамды рухани жұмылдырады, кейде шаршатуы да мүмкін. Афон монахтарынан: «Ең қиын нәрсе не?» – деп сұрағанда, көбісі: «Ең қиыны – дұға», – деп жауап берген. Бұл рас.
Егер адамда дұға ету тәжірибесі болмаса, ол өзін шынайы сенуші деп атай алмайды.«Дін» сөзі латын тілінен аударғанда «байланыс» дегенді білдіреді – Құдаймен байланыс. Бұл байланыс тек дұға арқылы орнайды. Дұға болмаса – байланыс жоқ, дін де жоқ.
Сондықтан Ұлы пост кезінде храмға барғанымызда немесе үйде дұға еткенімізде, дұғамыздың сапасына ерекше мән берейік. Ең бастысы – Құдайдың алдында тұрғанымызды анық түсіну.
Пост – дұғаға қолайлы уақыт. Көптеген адамдар, әсіресе бірінші аптада, храмға жиі келеді. Кешкі уақытта қасиетті Андрей Критскийдің Ұлы тәубеге келу канонын тыңдап дұға етеді. Яғни пост – тіпті шіркеу өміріне толық араласпаған адамды да храмға жиі келуге жетелейтін кезең.
Бірақ адамды өзгертуге көмектесетін тағы бір маңызды іс бар – ол тыйылу. Шіркеу белгілі бір тағам түрлерінен бас тартуды ұсынады. Кейбіреулер: «Не жесем де айырмашылығы қанша?» – дейді. Алайда тағамнан тыйылу – Құдай алдында өзімізге рухани жауапкершілік алу.
Әрине, Құдайға біздің оразамыз қажет емес – Ол Құдіретті. Бұл бізге қажет. «Бұл – Раббыма арнаған шағын құрбандығым», – деп сеніммен жасаған тыйылу рухани жаңаруға көмектеседі.
Қырықкүндік – ұзақ рухани жол. Оны тек сезімнің жетегімен өткеру мүмкін емес. Қырықкүндік – ұзақ рухани жол, оны тек сезімнің жетегімен еңсеру мүмкін емес.
Алайда дұғасыз пост қауіпті. Кейде «дұғалық ашушаңдық» болады: адам пост ұстап, дұға етеді, бірақ ашушаң бола түседі. Себебі пост дұғамен қатар жүрмесе, теріс әсер етуі мүмкін.
Сондықтан пост дұғамен, Құдай Сөзін оқумен бірге жүруі тиіс. Әйтпесе оның пайдасы аз болады.
Ұлы Пост кезінде храмға келіп, ұзақ құлшылықтарда өз өмірімізді саралайық. Өз-өзімізге есеп беріп, Құдай алдында рухани жолымызды түзетейік.
Пост – ауыр жүк емес. Ол бізді жақсартуға, рухани күшімізді жаңартуға, Иеміз Қүдайғв жақындауға көмектеседі. Жақындарымызбен татуласу – тағамнан тыйылудан кем емес маңызды.
Демек, дұға, тыйылу, өзін-өзі бақылау – Ұлы пос кезіндегі басты рухани құралымыз. Иеміз Құдай бізге осы қасиетті кезеңді дұғада, тыйылуда, рухани әлсіздіктермен күресте өткізуге көмектессін, сонда Мәсіхтің Жарқын Қайта тірілуінде біз тек қуанышты әндерді ғана емес, өз өміріміздегі өзгерістердің қуанышын да сезінейік. Әмин.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр