ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
04.03.2026, 19:00

Астана және Алматы епархиясының Шіркеу сотының төрағасының ақпараттық хабарламасы

Астана және Алматы епархиясының Шіркеу сотының төрағасының ақпараттық хабарламасы

Ақпараттық хабарлама

Құрметті бауырлар,  әпке-қарындастар!

Сіздерді сақтылық танытып, абай болуға шақырамыз. Интернет желісінде өзін «иерей Иоанн» деп таныстырып, православие діни қызметкері ретінде көрсететін адам белсенді әрекет етуде.

Бұл атпен Алматы қаласының тұрғыны – Иван Михайлович Крауз (Маршанский) әрекет етіп жүргенін хабарлаймыз. Ол бұрын диакон болған, алайда ауыр канондық құқықбұзушылықтар жасағаны үшін, соның ішінде неке адалдығын бұзғаны үшін, Шіркеу сотының шешімімен қасиетті қызметтен аластатылған.

Иван Крауз (Маршанский) діни қызметкер болып табылмайды, Қазақстан Православие Шіркеуінің клир құрамына кірмейді, діни қызметкерлік киім киюге және қандай да бір шіркеулік қызмет атқаруға заңды құқығы жоқ. Оның барлық жария мәлімдемелері тек өзінің жеке атынан ғана жасалады. Оның тарапынан жасалатын әрекеттердің ешқандай рухани игілікті күші жоқ.

Сіздерді рухани парасаттылық сақтауға және аталған тұлғадан таралатын ақпарат пен үндеулерге сенбеуге шақырамыз.

Астана және Алматы епархиясының Шіркеу сотының төрағасы Талдықорған епископы Клавдиан, Астана епархиясының викарийі.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді