Осыдан тура 50 жыл бұрын, 1976 жылғы 13 наурызда, Ленинград рухани академиясындағы қасиетті апостол әрі евангелист Иоанн Богослов храмында архимандрит Кириллге епископ дәрежесін беру рәсімі өтті. Ал келесі күні, 14 наурызда, Ұлы посттың 1-жексенбісінде – Православие салтанаты күні, Ленинградтағы Александро-Невский лаврасының Қасиетті Үштік соборында Құдайлық Литургия кезінде болашақ Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы архимандрит Кириллдің архиерейлік тағайындалуы өтті.
Құдайға құлшылық ету рәсімін мәңгі есте қалатын митрополит Никодим (Ротов) басқарды. Қасиетті Патриарх Кирилл оны өзінің рухани тәлімгері әрі ұстазы деп атайды.
Patriarchia.ru порталы қазіргі таңда Орыс Православие Шіркеуінің Жоғарғы Басшысы архимандрит Кириллдің Выборгкский
епископы дәрежесін беру кезінде айтқан, сондай-ақ Выборгский епископы Ең Қасиетті Кириллге архиерейлік таяқты табыстау кезінде Ленинград және Новгород митрополиті Никодимнің айтқан сөзін жариялады.
Митрополит Александр Алматыдағы Вознесенский кафедралды соборында жексенбілік Литургияны өткізді
Толығырақ
Қасиетті риясыз емшілер әрі ғажайыптар жасаушылар Косма мен Дамианның рухына тағзым ету күні. Митрополит Александр Ақжар шағынауданындағы Богородице-Рождественский храмында Литургияны өткізді
Толығырақ
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың Алматы рухани семинариясының әкімшілігімен және студенттерімен кездесуі өтті
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр