Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кириллдің архипастырьларға, пастырьларға, диакондарға, монашестводағыларға және Орыс Православие Шіркеуінің барлық адал перзенттеріне Пасхалық жолдауы
Құдай жолындағы мәртебелі архипастырьлар, ардақты пресвитерлер мен диакондар, құдайсүйгіш иноктар мен инок әйелдер, қымбатты бауырлар мен әпке-қарындастар!
ХРИСТОС ТІРІЛДІ!
Адамзат тілінің бар байлығы мен сан алуандығында сенуші жүрек үшін өмірдің өлімді, жақсылықтың жамандықты жеңгенін білдіретін осы айқын куәліктен асқан қуанышты да қастерлі сөздер жоқ.
«осы ізгі хабарда Жұмақтан қуылған сәттен бері адамзат жүрегінде сақталып келе жатқан үміттің тылсым күші мен сенімнің ұлы үміті тоғысқан. Адамдар кешірімді, татуласуды, азаттықты аңсап өмір сүрді, алайда Иеміз Құдай одан да әлдеқайда артығын сыйлады, өйткені Өзінің сүйіспеншілігімен «біз үшін одан да жақсысын алдын ала дайындады» (Евр. 11:40).
Құдай Ұлы дүниеге келіп, адам болды, біздің жердегі өміріміздің барлық ауыртпалығымен бөлісті және азаптың тостағанын түбіне дейін ішті, соның ішіндегі ең ащысы – өлім тостағанын. «Қайғы шеккен және дертті бастан кешірген» (Ис. 53:3) Ол біздің күнәларымызды Өз мойнына алып, ерікті түрде Айқышқа көтерілді.
Алайда өлім өмірдің Жаратушысын ұстап тұра алар ма еді? Тозақтың тойымсыз тереңдігі бәрі де Оның Сөзі арқылы жаратылған Тұлғаны жұта алар ма еді? (Ин. 1:3). «Құдайдың даңқы бүкіл әлемге көрінді, – және тозақты нұрландырды. Өлім жойылды, тозақ қақпалары қиратылды, бұрын қараңғылықта болған барлық жаратылыс жарыққа бөленді», – деп қасиетті Ефрем Сирин Құтқарушының өлімді жеңгенін шабыттана жырлайды («Иисус – әлемнің нұры»).
Өлімнің өз олжасын қайтарғаны қашан естіліп еді? Қайтарса да, уақытша ғана, кейін қайтадан алып кету үшін. Бірақ Христос өлілерден тіріліп, енді қайта өлмейді, өлімнің енді Оның үстінен билігі жоқ (Рим. 6:9)! Ол өлілердің арасынан алғашқылардың бірі ретінде (1 Қор. 15:20) бізді де осы жолда бастап келеді: «әуелі Мәсіх, содан кейін Оның келуінде Мәсіхтікі болғандар» (1 Кор. 15:23).
Өзінің тәнге енуі арқылы адам болмысын жаңартып, оны күнәнің жараларынан сауықтырған Құдай бізді Өзінің Тірілуі арқылы одан да игілікті мекенге бастап барады. Ол адамдарға жоғалтқанын қайтарып, кешірім мен Өзімен татуласуды ғана сыйлап қоймай, Иса Христос арқылы бізді Өзінің перзенттері етеді. (Еф. 1:5) және Оның есіміне сенетіндерге Құдайдың балалары болуға құқығын береді (Ин. 1:12), әрі рақым арқылы құдайлыққа ортақ етеді.
Көктемде табиғаттың жаңғырып, гүлденуімен бірге құтқарылу туралы таңғажайып хабар тағы да бүкіл әлемге тарайды: «Сендер айқышқа шегеленген Назаряниндік Исаны іздеп жүрсіңдер ме? Ол тірілді, Ол мұнда жоқ» (Мк. 16:6). Қабір бос! Иеміз айтқанындай тірілді! (Мф. 28:6)
Христрс Пасхасы – біздің ұлы қуанышымыздың сарқылмас қайнары. Бұл қуаныш Құдайдың адамзатқа деген, ақылдан асып түсетін сүйіспеншілігінен туындайды; сол сүйіспеншілік арқылы бізге көрінетін де, көрінбейтін де игіліктер берілді. Осы құрбандық сүйіспеншілігінің өлшеусіз күші соншалықты алысқа жетеді, ол тозақты жеңеді, Жұмақты ашады, кешірім мен шынайы рухани еркіндік сыйлайды.
«Сүйіспеншілік өлімдей күшті» (Песн. 8:6), – деп даналыққа бай Соломон патша айтқан. Бірақ біз, Христостың шәкірттері, сүйіспеншіліктің тіпті өлімнен де күшті екеніне нық сеніммен куәлік етеміз. Ол уақыт пен кеңістікті жеңеді, күнә мен қараңғылықтың күшін құлатады. Барлық мейірімді Иеміз бізді сүйіспеншілік Патшалығына шақырады, ал жүрегінде сүйіспеншілігі жоқ адам оған кіре алмайды. Ендеше бір-бірімізді кешірейік, өзара өкпе мен реніштің бұғауынан арылайық, татуласайық және құшақтасайық. Мұқтаждарға мейірім көрсетейік, қайғырып жүргендерді жұбатайық.
Христос арқылы қасиеттеліп, Пасханың ғажайып салтанатына ене отырып, біз айналамыздағы әлемді Тірілудің өшпес нұрымен түрлендіре
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр