ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Православие жаңалықтары
14.05.2026, 15:00

Қазақстанның Митрополиттік округінің Басшысы Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының отырысына қатысуда

Қазақстанның Митрополиттік округінің Басшысы Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының отырысына қатысуда

14 мамыр 2026 жыл. Мәскеу. Данилов монастыріндегі Патриархтық және Синодтық резиденцияда Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Қасиетті Кирилл Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының кезекті отырысына төрағалық етті.

Отырысты аша отырып, Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы Қасиетті Синод мүшелеріне қысқаша құттықтау сөз сөйлеп, содан кейін Синод күн тәртібіне сәйкес жұмысына кірісті, деп хабарлайды Патриархтың Баспасөз қызметі.

Отырысқа мыналар қатысуда:

— Қасиетті Синодтың тұрақты мүшелері: Кишинев және бүкіл Молдова митрополиті Владимир; Қазақстан Республикасындағы Митрополиттік округтің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр; Ортаазиялық митрополиттік округтің басшысы Ташкент және Өзбекстан митрополиті Викентий; Санкт-Петербург және Ладога митрополиті Варсонофий; Мәскеу митрополиясындағы Патриархтың орынбасары, Крутицкий және Коломенский митрополиті Павел; бүкіл Беларусьтің Патриархтық экзархы, Минск және Заславль митрополиті Вениамин; Мәскеу Патриархиясы істерінің басшысы, Воскресенский митрополиті Григорий; Мәскеу Патриархатының Қаржы-шаруашылық басқармасының төрағасы, Владимир және Суздаль митрополиті Никандр.

— Қасиетті Синодтың уақытша мүшелері: Африка Патриархтық экзархы, Каир және Солтүстік Африка митрополиті Константин; Канаш және Беловолжск епископы Стефан; Гатчинский және Лужский епископы Митрофан; Новороссийск және Геленджикс епископы Сергий; Бийск және Белокурихинск епископы Серафим.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді