ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Православие жаңалықтары
06.09.2024, 18:05

Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің Қостанай епархиясы есебі бойынша Қаулысы

Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кириллдің Қостанай епархиясы есебі бойынша  Қаулысы

6 қыркүйек 2024 жыл. Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл Қазақстан Митрополиттік округі Қостанай епархиясының өткен жылғы есебімен танысты және өзінің Бірінші иерархиялық қаулысын Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрға жолдады.

Құжатта, атап айтқанда:

-Сізге және сіздің көмекшілеріңізге 2023 жылы қамқорлығыңызға тапсырылған епархиядағы өмірді ұйымдастыруға күш салғаныңыз үшін алғыс айтамын.

Қостанай епархиясы үшін өткен жыл приходтық, әлеуметтік, құрылыс және ағарту іс-шараларын дамытуда елеулі жыл болды.

Епархия әкімшілігі, үй шіркеуі және шіркеуді ойдағыдай уағыздау үшін барлық қажетті үй-жайлар орналастырылған Қостанайдың бірінші епископы Тимон (Русанов) атындағы епархиялық рухани, мәдени және әкімшілік орталық құрылысындағы шығармашылық жұмыстарға жауаптылардың барлығына алғысымды білдіргім келеді. Ашылған рухани-мәдени орталықтың базасында қазірдің өзінде түрлі шіркеулік-қоғамдық және танымдық іс-шаралар сәтті өткізіліп жатқаны қуантады.

Бірнеше жыл бойы іріткі салышулардың қолында болған Қостанай ауданы, Октябрьский мекеніндегі  Киелі Апостолдар Петр мен Павел шіркеуінің ғимаратын Қостанай епархиясының пайдалануына берілуіндегі игі жұмыстарын ерекше бағалаймын. Епархия аумағында жаңа шіркеулер салуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Мен мемлекеттік органдармен сындарлы диалог құру жұмысын оң бағалаймын. Шіркеу мен мемлекет арасындағы достық қарым-қатынас бейбіт және жемісті өмір сүрудің кілті болып табылады.

Жастардың жасап жатқан қызметін де жоғары бағалауға тұрарлық. Православиелік жастар қозғалысына қатысушылар санының өсуі сол жастармен жұмыс істеуде танылатын сауаттылықты көрсетеді. Көптеген танымдық және қайырымдылық шараларының жастардың қатысуымен өткізіліп жатқаны қуантады. Жексенбілік мектептердің түлектерінің кейіннен Шіркеу өміріне қатысуы көңіл  қуантады: олар хор әншілері, понамарьлар және жастар қозғалысының белсенділері болып жүр.

Кең байтақ Қазақстанда православие сенімі арта түседі деп сенемін.

Сізге және сіздің қауымға Құдайдың жарылқауын тілеймін.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді