16 шілде 2026 жылғэ. Мәскеу. Данилов монастырындағы Патриархтық және Синодтық резиденцияда Мәскеу және бүкіл Русьтің Қасиетті Патриархы Кирилл Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының кезекті отырысына төрағалық етті.
Отырыс басталар алдында Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы Қасиетті Патриарх Кирилл Қасиетті Синод мүшелерін құттықтап, күн тәртібін жариялады.
Отырысқа төмендегілер қатысуда:
– Қасиетті Синодтың тұрақты мүшелері: Кишинев және бүкіл Молдова митрополиті Владимир; Қазақстан Республикасындағы Митрополиттік округтің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр; Орта Азия митрополиялық округінің Басшысы, Ташкент және Өзбекстан митрополиті Викентий; Санкт-Петербург және Ладога митрополиті Варсонофий; Мәскеу митрополиясының Патриархтыө Өкілі, Крутицы және Коломна митрополиті Павел; бүкіл Беларусьтің Патриарх Экзархы, Минск және Заславль митрополиті Вениамин; Мәскеу Патриархиясы істерін басқарушы, Воскресенск митрополиті Григорий; Мәскеу Патриархиясының Сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімінің төрағасы, Волоколамск митрополиті Антоний; Мәскеу Патриархиясының қаржы-шаруашылық басқармасының төрағасы, Владимир және Суздаль митрополиті Никандр.
– Қасиетті Синодтың уақытша мүшелері: Африкадағы Патриарх Экзархы, Каир және Солтүстік Африка митрополиті Константин; Канаш және Беловолжье епископы Стефан; Гатчина және Луга епископы Митрофан; Новороссийск және Геленджик епископы Сергий; Бийск және Белокуриха епископы Серафим.
Дереккөз: Patriarchia.ru
Қазақстан Митрополиттік округінің шіркеу-тарихи мұражайына митрополит Николайға (Могилевский), қасиетті діндарға тиесілі заттар табысталды
Толығырақ
Астанада «Жақыныңа қызмет ету» атты шіркеулік әлеуметтік және қайырымдылық қызметке арналған I Жалпықазақстандық съезд өз жұмысын аяқтады
Толығырақ
Астана және Қазақстан митрополиті Александр Алматы қаласындағы оқу орындарының оқытушылары мен білім алушыларына жаңа оқу жылының басталуына орай батасын берді
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр