ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Православие жаңалықтары
22.10.2026, 18:00

Митрополит Александр Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының отырысына қатысуда

Митрополит Александр Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының отырысына қатысуда

22 қазан 2026 жыл. Мәскеу. Данилов монастыріндегі Патриархтық және Синодтық резиденцияда Мәскеу және бүкіл Русь Патриархы Кирилл Орыс Православие Шіркеуінің Қасиетті Синодының кезекті отырысын басқарды.

Орыс Православие Шіркеуінің Басшысы отырысты аша отырып, Қасиетті Синод мүшелерін құттықтап, күн тәртібін жариялады.

Отырысқа қатысып жатқандар: Қасиетті Синодтың тұрақты мүшелері: Кишинев және бүкіл Молдова митрополиті Владимир; Астана және Қазақстан митрополиті, Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Александр; Ташкент және Өзбекстан митрополиті, Орта Азия Митрополиттік  округінің Басшысы Викентий; Санкт-Петербург және Ладога митрополиті Варсонофий; Крутицы және Коломна митрополиті, Мәскеу митрополиясының Патриархтық наместнигі Павел; Минск және Заславль митрополиті, бүкіл Беларусьтің Патриархтық экзархы Вениамин; Воскресенский митрополиті, Мәскеу Патриархатының басқарушы істері жөніндегі митрополит Григорий; Волоколамск митрополиті, Мәскеу Патриархатының Сыртқы шіркеулік байланыстар бөлімі төрағасы Антоний; Владимир және Суздаль митрополиті, Мәскеу Патриархатының Қаржы-шаруашылық басқармасының төрағасы Никандр.

Қасиетті Синодтың уақытша мүшелері: Уфа және Башқұртстан митрополиті Филарет; Екатеринодар және Кубань митрополиті Василий; Новосибирск және Бердск митрополиті Варфоломей; Арсеньев және Дальнегорск епископы Гурий; Сергиев Посад және Дмитров епископы Кирилл.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді