ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Шіркеу өмірі
Православие жаңалықтары
11.09.2024, 16:00

Салауаттылық күніне орай Патриархтың Үндеуі

Салауаттылық күніне орай Патриархтың Үндеуі

11 қыркүйек 2024 жыл, ізгі әулие және шомылдыру рәсімін жасаушы Иоанны еске алу мерекесінде Тыныштық күні атап өтіледі. Мәскеу және Бүкіл Русь Патриархы Кирилл Орыс Православие Шіркеуінің барлық адал үл-қыздарына өз үндеуін жолдады:

Жаратқан Иенің сүйіктілері, мәртебелі архипастырлар!

Ардақты әкелер мен аналар! Құрметті бауырлар!

Енді біз Құдайдың ақиқатына адалдығымен төтеп берген ізгі әулие және шомылдыру рәсімін жасаушы Иоанның шейіт болғанын еске алып жүрміз. Тіпті өлім қаупіне қарамастан, шомылдыру рәсімін жасаушы Иоанн шімірікпейтін патша Иродты бар күнәсін тастауға көндіруден жалықпады. Алайда ол пайғамбардың айтқан өсиетіне құлақ аспай, одан да ауыр күнә жасады: ол арақ ішкеннен есін жоғалтып, осы қасиетті адамның өмірін қиды.

Құрметті Исидор Пелузиот (Хат 313. Зосимаға) «Шарап ішкенде, ақыл-ойыңды ішпе» деп ақылын айтады. Құдайдың пендеге қуаныш үшін берген шарабын ішу шектен шықса, түрлі қиыншылықтар мен бақытсыздықтардың, ауру-сырқаулардың, өмірлік трагедиялардың бастауына айналуы мүмкін.

Өзін-өзі ұстай алмаудың зиянын еске сала отырып, Орыс православие шіркеуі ізгі әулие және шомылдыру рәсімін жасаушы Иоанның мерекесінде өзінің адал балаларын, соның ішінде алкоголизмге тәуелді болумен күресіп жүргендердерге қатаң түрде ораза ұстауға және дұға етуге шақыра отырып, ерекше Саауаттылық күнін белгіледі.

«Жүректеріңді ашкөздік пен маскүнемдікпен ластап алмас үшін өздеріңе сақ болыңдар» (Лк. 21, 34) деп, бізді Адам Ұлының алдына кез келген уақытта келуге дайын болу маңыздылығын айта отырып, Мәсіх ескертеді. (Лк. 21, 36). Құтқарушының осы қатаң ескертілген сөздері және Ізгі хабар оқиғасының тәлім-тәрбиелік үлгісі біз үшін пайдалы білім болсын, осылайша біз әрқашан жан-тәнімізбен салауатты болуға ұмтыламыз.

Әділ, даңқы биік Пайғамбардың  шапағаты арқылы ізгі әулие және шомылдыру рәсімін жасаушы Иоанның Қасиетті және шынайы Иеміз (Откр. 6, 10)  бізге рухани өсуімізге және  ақырғы уақытта Мәсіхтің үкімінде мейірімді жауап беруге рақымды көмегін жіберсін.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді