ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Православие жаңалықтары
09.11.2024, 13:50

Қаскелең епископы Геннадийм Cобораралық қатысу Комиссиясының қоғамдық өмір, мәдениет, ғылым және ақпарат мәселелері жөніндегі отырысына қатысты

Қаскелең епископы Геннадийм Cобораралық қатысу Комиссиясының қоғамдық өмір, мәдениет, ғылым және ақпарат мәселелері жөніндегі отырысына қатысты

7 қараша 2024 жыл. Мәскеу. Cобораралық қатысу Комиссиясының қоғамдық өмір, мәдениет, ғылым және ақпарат мәселелері жөніндегі отырысы өтті.

Іс-шараны Орыс Православие Шіркеуінің Баспа кеңесінің төрағасы, комиссия жетекшісі Калуга және Боровск митрополиті Клемент басқарды.

Жиналғандарды қарсы алған Митрополит Клемент отырыс барысында қазіргі өмірдің негізгі аспектілері бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланатынын атап өтті, оның ішінде: ғылыми-техникалық дамудың cын-қатерлері, жаһандану, әлеуметтік әділеттілік, ұлттық саясат, демографиялық жағдай. Архиерей Орыс Православие Шіркеуінің дәстүрлі құндылықтарды қолдайтынын және қоғамдық пікірге ықпал ететінін еске сала отырып, христиандық білімнің маңыздылығын атап өтті.

Бұдан кейін комиссияның қоғамдық өмір, мәдениет, ғылым және ақпарат мәселелері жөніндегі жұмыс топтарының қатысушылары баяндамаларын оқыды.

Жасанды интеллект мәселелері бойынша өткізілген семинарлар мен конференциялар туралы Переславль және Углич епископы Феоктист, діни қызметкер Александр Волков және Е.Е. Жуковская айтып берді.

Можайск епископы Иосиф пен С.В. Перевезенцевке «Заманауи сын-қатерлерге алдындағы тарихи Русь халықтарының бірлігі» құжатының жобасы дайындалып жатқандығы туралы хабарлады.

Қаскелең епископы Геннадий «Христиандық этика және әлеуметтік әділеттілік» тақырыбында баяндамасын оқыды.

Н.П. Бурляев «Шіркеу және кинематограф» тақырыбында хабарлама жасады, «Мәдениет майданының» қызметі және «Алтын жауынгер» кинофестивалінің өткізілуі туралы айтты.

П.А. Шашкин « Жаһандану жағдайындағы экономика. Православиелік этикалық көзқарас»құжатының жаңа редакциясын көрсетті. Ол сондай-ақ «Жаһандану жағдайындағы рухани және мәдени бірегейлік» тақырыбында шағын баяндамасын оқыды.

М.А. Тюренков отбасылық дағдарыс және халық жинағы мәселелерімен айналысатын жаңа жұмыс тобының қызметі туралы айтты. Көп балалы отбасыларды қоғамда кеңінен насихаттауға бағытталған рухани-танымдық шаралардың ерекше маңыздылығын атап өтті.

Отырыс барысында аталған тақырыптар бойынша кеңінен пікір алмасулар жүргізіліп, жаңа семинарлар, дөңгелек үстелдер мен конференциялар өткізу жоспарланды.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді