12 қаңтар 2025 жыл. Астана. Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының резиденциясында Астана және Қазақстан Митрополиті Александрдың Қазақстан Республикасындағы Апостолдық нунций архиепископ Джордж Панамтхундилмен кездесуі өтті.
Кездесуге Астана приходтарының құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) қатысты.
Митрополит Александр мен Ватикан Елшісі өзара сәлемдесіп, Рождество мерекелерге орай құттықтаулармен алмасты.
Архиепископ Джордж Панамтхундил билеуші митрополитке 2024 жылы 24 желтоқсанда, Рождество қарсаңында, Рим Папасы Франциск Католик шіркеуіндегі мерейтойлық жыл – «Үміттің Қасиетті жылы» мерекесін бастап, Римдегі әулие елші Петр ғибадатханасының мерейтойлық есігін ашқанын хабарлады.
Митрополит Александр қонаққа f5svlf5s жылдың 17-18 қыркүйегінде Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндердің VIII Съезіне қатысу үшін Республикаға Мәскеу және Бүкіл Русь Қасиетті Патриархы Кириллдің Қазақстанға келетінін айтты.
Талқылаудың маңызды тақырыбы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезін өткізілуіне орай, бірегей тарихи-археологиялық ескерткіш – Турин жамылғысына арналған Қазақстанның Православие Шіркеуі, «Kirche in Not» («Шіркеуге қайғыда Көмек») халықаралық қайырымдылық ұйымы және Астана қаласының Рим-католиктік архиепархиясы бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстанда көрме өткізу болды.
Әңгімелесу барысында отбасы институтын нығайтудағы дін, мемлекет және қоғамның өзара әрекеттесу мәселелері, дәстүрлі конфессиялардың қоғамдық процестердегі, мәлімдемелердегі имандылықты орнықтырудағы оң рөлі, азаматтық қоғамда бейбітшілік пен келісім орнату, ұлтаралық алауыздық көріністерін алдын алу мәселелері талқыланды.
Тараптар Қазақстандағы христиан және дінаралық диалогтың жай-күйі туралы пікір алмасып, қалыптасқан жағдайға өзара қанағаттанушылық білдіріп, оның даму келешегін оң деп бағалады.
Кездесу соңында митрополит Александр мен архиепископ Джордж бір-біріне денсаулық пен жұмыстарына сәттілік тіледі.
Кездесу жылы атмосферада өтті.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр