24 наурыз 2025 жыл. Астана. Бас лютерандық рухани-мәдени және әкімшілік орталық – Құтқарушы Христос соборында 22 наурызда Иемізге қайтарылған Қазақстан Республикасындағы Евангелиялық-лютерандық шіркеуінің құрметті архиепископы Юрий Тимофеевич Новгородовты жерлеу рәсімі өтті.
Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен жерлеу рәсіміне қатысқандар: Астанадағы Успен кафедралды соборының кілтшісі иеромонах Димитрий (Байдек), Константино-Еленинский соборының кілтшісі протоиерей Сергий Калиев және иерей Сергий Пинигин.
Қоштасу рәсіміне қатысқандар: ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары А.П. Рау, ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қ.Ж. Ысқақов, Қазақстан Республикасындағы апостол нунциі, архиепископ Джордж Панамтхундил, Астанадағы Ең Қасиетті Бикеш Мария рим-католик архиепархиясының викарийі, епископ Атаназиус Шнайдер, Республиканың лютерандық қоғамдастығының қайтыс болған жетекшісінің туыстары мен жақындары.
Жерлеу рәсімін Қазақстандағы Евангелиялық-лютерандық шіркеуінің епископы Ростислав Новгородов жүргізді.
Иеромонах Димитри (Байдек) Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың көңіл айтуын жеткізді. Митрополиттік округ Басшысының марқұмның туыстары мен жақындарына арнаған сөзінде:
«Біз бәріміз оны терең діндар, дарынды және дана адам ретінде білдік. Ол приход өмірін тамаша ұйымдастырушы және Ізгі хабар ақиқаттарының тамаша уағызшысы болды. Марқұм архиепископ православиелік және католиктік иерархтармен достық байланыс орната білді, христиан және конфессияаралық ынтымақтастықты нығайту үшін көп және белсенді жұмыс істеді. Архиепископ Юрийдің тынымсыз қызметінің арқасында Қазақстанда лютерандық қауымдастықтың жүйелі түрде нығаюы мен дамуы жүзеге асты», – делінген Қазақстан Православие Шіркеуі Басшысының көңіл айтуында.
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр