ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Конфессияаралық диалог
05.06.2025, 18:10

Астанада Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының Ватикан Елшісімен кездесуі өтті

Астанада Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысының Ватикан Елшісімен кездесуі өтті

5 маусым 2025 жыл. Астана. Қазақстан Республикасындағы Ватикан Елшісінің шақыруымен Астана және Қазақстан Митрополиті Александр Қазақстандағы Апостолдық нунциі архиепископ Джордж Панамтхундилмен кездесуге нунциатураға келді.

Кездесуге қатысқандар: астаналық приходтардың құрметті өкілі архимандрит Сергий (Карамышев) және Астана апостолдық нунциатурасының қызметкері монахиня Дария Голубкова.

Сәлем алмасқаннан кейін митрополит Александр нунцийге өзінің канондық және құқықтық мәртебесінің құрылғанына 15 жыл толуын атап өтіп жатқан Қазақстан Митрополиттік округінің тыныс-тіршілігі туралы, Алматы православиелік теологиялық семинариясының қызметі, ағарту және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру туралы айтып берді.

Митрополит билеушісі ел Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевпен «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия» тақырыбында белгіленген әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің алдағы VIII Съезіне дайындық барысы талқыланған кездесуден алған әсерімен бөлісті.

Митрополиттік  округ Басшысы Қазақстан Президентінің Қ.-Ж.К. Тоқаевтың шақыруымен Съездің жұмысына Мәскеу және Бүкіл Ресейдің Әулие Патриархы Кирилл қатысатындығын атап өтті. Архипастор Қазақстанның көптеген православтық қауымы Қасиетті Жоғары Басшының сапарын тағатсыздана күтіп отырғанын айтты. Митрополит Александр сұхбаттасушыға Қасиетті Жоғары Басшының Мәсіх шіркеуінің жаңа шейіттерінің ерліктері мен азапты өлімі орын алған және Астана маңындағы Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмола лагері – «АЛЖИР» тұтқындарының жаппай жерленген жеріне баруды, Қазақстан жерінде жаңадан Бүкіл Әулиелер құрметіне салынған астаналық шіркеуіне баруды және Шымкенттегі Лися балкада жазықсыз өлтірілген көптеген діни қызметкерлер мен сенушілерді еске алуға арналған мемориалдық шағын шіркеуді қасиетті ету рәсімі жоспарлап отырғанын хабарлады.

Әңгімелесу барысында архиепископ Джордж Панамтхундил митрополит биле ағымдағы жылдың 28 сәуірі мен 4 мамыры аралығында Астанадағы Әулие Мария архиепархиясында және Озерное қаласындағы (Солтүстік Қазақстан облысы Тайыншы ауданы) Бейбітшілік Ханшайымының ұлттық киелі мекенінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Әзірбайжан епископтары мен діндарларының қатысуымен өткен Орталық Азия католиктік епископтары Конференциясының IV пленарлық отырысы туралы хабардар етті.

Талқыланған тақырыптардың бірі әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезіне орайластырылған Қазақстан Православие шіркеуінің, «Kirche in Not» («Помощь Церкви в беде») халықаралық қайырымдылық ұйымы мен Астананың Рим-Католик архиепархиясының бірлескен күш-жігерімен ұйымдастырылған бірегей тарихи-археологиялық ескерткіш – Турин кебіне арналған көрмені Қазақстанда өткізу болды.

Кездесуге қатысушылар отбасы институтын нығайтудағы дін, мемлекет және қоғамның өзара іс-қимылына қатысты бірқатар мәселелерді қарастырып, дәстүрлі конфессиялардың қоғамдық процестердегі, қоғамдық имандылықты бекітудегі, азаматтық қоғамда бейбітшілік пен келісімді құрудағы, ұлтаралық алауыздық көріністерінің алдын алудағы оң рөлін атап өтті.

Қазақстандағы христиан және дінаралық диалогтың жай-күйі туралы пікір алмасу болды.

Кездесу соңында митрополит Александр мен архиепископ Джордж бір-біріне денсаулық және жұмыстарына сәттілік тіледі. 

Кездесу жылы атмосферада өтті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді