21 тамыз 2025 жыл. Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында Ақтөбе облысының діни бірлестіктер көшбасшылары клубының отырысы өтті.
Отырысқа Ақтөбе және Қызылорда епископы Игнатий, епархия басқармасының қызметкерлері және Ақтөбе қаласындағы түрлі діни ұйымдардың жетекшілері мен өкілдері қатысты.
Кездесу барысында дін көшбасшылары Ақтөбе облысы дін істері басқармасының жаңа басшысы Қ.С. Жақсығалиевпен танысты.
Діни бірлестіктердің қызметі, конфессияаралық келісімді нығайту, рухани құндылықтарды таратуға ықпал ету және танымдық іс-шараларды өткізу мәселелері талқыланды. Өкілдердің әрқайсысы өз тәжірибесімен бөлісті. Өңір мен жалпы еліміздің тұрақтылығы үшін маңызды болып табылатын қоғамдық келісімді нығайту бойынша бірлескен бастамалар ұсынылып, ортақ міндеттер мен ынтымақтастық бағыттары белгіленді.
Іс-шара барысында дін өкілдері атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Отырыс соңында Ақтөбе облысының дін істері басқармасының жаңа басшысы Қ.С. Жақсығалиев қатысушылардың барлығына мәнді баяндамалары үшін алғысын білдірді.
Кездесу жылы және достық жағдайда өтті.
Жексенбілік күні Фома апостолын еске алу күні Митрополит Александр Мәскеудегі Митрополиттік округінің Өкілдігінде Литургияны өткізді
ТолығырақОрал епархиясының ең қарт клиригі архидиакон Василийдің (Крюков) жаназасы өтті
ТолығырақМитрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов VI Еуразиялық шығармашылық форумға қатысты
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр