16 қыркүйек 2025 жыл. Астана. Қазақстан астанасындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Спикері М.С. Әшімбаевтың төрағалығымен әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XXIII отырысы өтті.
Қазақстан Православие Шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен Қазақстан Митрополиттік округінің істері басшысы Қаскелең епископы Геннадий Хатшылықтың жұмысына қатысты.
Кездесуге әлемнің 60 елінен келген әлемдік және дәстүрлі діндердің діни жетекшілері – ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, синтоизм өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, конференцияға қатысқандар: Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрі А.Г.Балаева, Парламент депутаттары, Қазақстаннан және басқа да елдерден мемлекеттік органдардың, қоғамдық және діни ұйымдардың өкілдері.
Жиналғандар қазіргі заманның сын-қатерлерін бірлесіп еңсеру жолдары туралы пікір алмасып, VIII Съезд аясында өтетін іс-шаралар, соның ішінде діни нысандарды қорғау жөніндегі Арнайы сессия, жас дін көшбасшыларының II форумы, сарапшылық дөңгелек үстел, секциялардың жұмысына қатысты мәселелерді талқылады.
Отырысқа қатысушылар өз сөзлерінде бейбітшілікті сақтау, диалогты нығайту және өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру үшін барлық діни және халықаралық ұйымдардың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Отырыс қорытындысы бойынша Хатшылықтың XXIII отырысының хаттамасы қабылданып, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезінің ізгі ниет Елшілері сайланды.
Жексенбілік күні Фома апостолын еске алу күні Митрополит Александр Мәскеудегі Митрополиттік округінің Өкілдігінде Литургияны өткізді
ТолығырақОрал епархиясының ең қарт клиригі архидиакон Василийдің (Крюков) жаназасы өтті
ТолығырақМитрополиттік округтің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы протоиерей Александр Суворов VI Еуразиялық шығармашылық форумға қатысты
Толығырақ
Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!
Пікіріңіз сәтті қосылды және оны қазір сайт әкімшілігі қарастырып жатыр