ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПРАВОСЛАВИЕ ШІРКЕУІ

КАZ | ENG | RUS
Конфессияаралық диалог
23.10.2025, 13:00

Қазақстан Митрополиттік округінің өкілдері «Рухани келісім – Қазақстандағы бірлік пен татулықтың негізі» атты республикалық форумға қатысты

Қазақстан Митрополиттік округінің өкілдері «Рухани келісім – Қазақстандағы бірлік пен татулықтың негізі» атты республикалық форумға қатысты

21 қазан 2025 жыл. Алматы. Рухани келісім күніне орай қалалық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Рухани келісім – Қазақстандағы бірлік пен татулықтың негізі» тақырыбында республикалық форум өтті.

Форумның мақсаты – әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезінің қорытындыларын талқылау, конфессияаралық диалогты нығайту, рухани келісім мәдениетін дамыту және қоғамда бірлік, татулық және өзара түсіністік құндылықтарын насихаттау, өңірлер арасында тәжірибе алмасу, алдыңғы қатарлы әлемдік тәжірибені зерделеу.

Форумның өтетін орнын еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының бірі Каспий университеті қамтамасыз етті.

Іс - шараға діни бірлестіктердің, республикалық дін істері комитетінің басшыларының, мәслихат депутаттары мен Алматы қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелерінің, облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының дін істері басқармаларының басшыларының, жетекші қазақстандық сарапшылар мен ғылыми институттар мен жоғары оқу орындарының қызметкерлерінің, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдерінің басын бірікітірді.

Қазақстан Православие Шіркеуінің Басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александрдың батасымен форум жұмысына қатысқандар: Қазақстан Митрополиттік округінің қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы, Алматы православиелік рухани семинариясының оқытушысы, Вознесенский соборының кілтшісі протоиерей Александр Суворов, Алматы православиелік рухани семинариясының ректоры, Митрополиттіа округтің ақпарат және баспа бөлімінің басшысы; рухани семинарияның оқытушылары мен студенттері.

Пленарлық отырыста сөз сөйлегендер: Алматы қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Қалдыбеков, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ж.Б. Асанова, Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі дін істері комитеті төрағасының орынбасары А.Қ. Сейфуллин, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор, доктор Ахмед Хусейн Мұхаммед Ибрахим, дінтанушы теолог, «Ырыскелді қажы» мешітінің бас имамы Н.Б. Асанов, Наварра (Испания) университетінің профессоры Сантьяго де Ласала Порта, Мақсұт Нәрікбаев атындағы университеттің Ислам және қазақ құқығы орталығының директоры С.А.Қалымжанұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының стратегиялық талдау бөлімінің меңгерушісі Е.Ғ. Берікбаев.

Пленарлық отырыстың модераторы Алматы қаласы дін істері басқармасының басшысы Н.М.Қикімов болды.

Протоиерей Александр Суворов «Жасанды интеллект дәуіріндегі этика және рухани нұсқаулар» панельдік сессиясында баяндама жасады.

Протоиерей Евгений Ивановтың «Жастар және рухани құндылықтар: ұрпақтар диалогы» секциясында баяндамасы тыңдалды.

Отырыс аяғында ұсынылған тақырыптарды талқылаумен және пікір алмасу өтті.

Форумның ғылыми-тәжірибелік бөлімінің қорытындысы бойынша Рухани келісім күніне арналған мерекелік концерт өтті.

Пікірлер әлі жоқ

Пікір жазу үшін жүйеге кіріңіз немесе тіркеліңіз!

Сілтеме көшірілді